AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан Ыстықкөлдегі пансионаттардан айырылуы мү...

Қазақстан Ыстықкөлдегі пансионаттардан айырылуы мүмкін

Әлеумет 15.04.2025, 11:27 866 Nursok82
Қазақстан Ыстықкөлдегі пансионаттардан айырылуы мүмкін
stan.kz

Қазақстан Ыстықкөл жағалауындағы төрт демалыс аймағынан айырылып қалуы ықтимал, деп хабарлайды aqshamnews.kz Kaktus Media-ға сілтеме жасап хабарлайды.

2025 жылдың 14 сәуірінде Қырғыз Республикасының Жогорку Кенешіндегі халықаралық істер жөніндегі комитеті екі ел арасындағы келісімге өзгерістер енгізу туралы заң жобасын үш оқылымда қабылдады.

Қырғызстанның экономика және коммерция вице-министрі Искендер Асылкуловтың айтуынша, Қазақстан 2006 жылы жасалған келісім негізінде Ыстықкөлдегі бірқатар демалыс аймағын жалға алған. Оларға:

  • «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығы,

  • «Самал» пансионаты,

  • «Университет» лагері

  • «Қазақстан» санаторийі кіреді.

Бастапқы келісімде бұл нысандарды жаңғырту міндеті болғанымен, нақты талаптар мен жауапкершілік тетіктері анық көрсетілмеген. 2009 жылы тараптар 49 жылға жер телімдерін жалға беру туралы қосымша келісімге қол қойды. Ал 2023 жылы Қазақстанның жауапкершілік бөлігін қайта қарап, сол жылдың желтоқсанында жаңа өзгерістер енгізілді.

Негізгі шарттар:

  • Реконструкция мерзімі: 31 желтоқсан 2029 жылға дейін;

  • «Қазақстан» санаторийі – 4 жұлдызды қонақүй деңгейіне дейін жаңғыртылуы тиіс;

  • «Университет» және «Самал» – кем дегенде 3 жұлдыз деңгейіне жетуі керек;

  • «Олимп» – толыққанды спорт базасына айналуы тиіс;

  • Құрылыс пен жөндеу жұмыстарына кемінде 90% қырғызстандық азаматтар тартылуы қажет (бұрын 80% болған).

Міндет орындалмаса не болады?

Егер Қазақстан бес жыл ішінде талаптарды орындамаса, нысандар өтемақысыз Қырғызстанның меншігіне қайтарылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ыстықкөл #жалға алу #туризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қолшатыр қауіпсіздікке қалқан бола ала ма?!

Бүгін 12:35

Әскери оркестр әуенімен өткен соңғы қоңырау: Алматыдағы №210 мектеп-лицейде ерекше шара өтті

Бүгін 12:06

Алматыда жаңа форматтағы емхана салынады

Бүгін 11:41

Алматыда 15 мыңнан астам қыз бала HPV-ге қарсы вакцина алды

Бүгін 11:25

Алматыда қатерлі ісікті ертерек анықтай бастады

Бүгін 11:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);