AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан ұйғыр жастары одағының төрағасы Рустам К...

Қазақстан ұйғыр жастары одағының төрағасы Рустам Кайрыев: Мегажаңғыру – ірі реформалар – мықты болашақ!

Әлеумет 16.03.2022, 08:29 1,767
Қазақстан ұйғыр жастары одағының төрағасы Рустам Кайрыев: Мегажаңғыру – ірі реформалар – мықты болашақ!
Сурет: Аssembly.kz

Жаңа Қазақстан жасай берсін!


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің Тәуелсіздік тарихында ең басты Жолдаулардың бірі ретінде қалатыны сөзсіз. Бұл жай ғана саяси реформалар емес, Қазақстанның демократиялық институттарын нығайта түсетін МЕГАЖАҢҒЫРУ. Ол көптеген салаларға – саясатқа, азаматтардың әлеуметтік жақсаруына, мемлекеттік органдарға, Парламенттің қос палатасына, партияларға, қоғамдық ұйымдарға, бизнеске, құқық қорғау органдарына, т.б. әсер етті. Мемлекет басшысы өзінің демократиялық ұстанымын көрсетіп, елдегі саяси үдерістерге ықпал ету тетіктерін Қазақстан Президентінен, өзінен алып тастауды ұсынды. Бұл қадамының болашақты  демократияландыруға септігін тигізетінін атап өтті. Саяси партияларды тіркеу жойылды, одан кейінгі барлық деңгейдегі депутаттар сайлауында жаңа принцип болады, Қазақстан халқы Ассамблеясының Парламенттегі рөлі де өзгерді. Бұл деген орасан өзгерістер.



Сондай-ақ Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың құрметіне еліміздің картасында жаңа белес, жаңа облыстар, қалалар пайда болды. Атақты индустриалды-курорттық қала Қапшағай қазақ қоғамына орасан зор үлес қосқан көрнекті саяси қайраткердің есімімен аталатын болады. Өйткені, болашақ ұрпақ өз батырларының, оның ішінде саяси тұлғалардың есімдерін білуі керек. Жаңа облыстарымыздың құрылуымен құттықтаймыз.



Кең қоғамдық диалог институтын құру идеясы қызықты болды. Бұл - белгілі қоғам қайраткерлерінен тұратын «Ұлттық құрылтай» жаңа алаңы. Бұл - қоғамдағы түйткілді мәселелерді кеңінен мемлекеттік деңгейге көтерудің жақсы құралы.


Сөзімді Жаңа Қазақстанның азаматы ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлына деген сенімімді білдіретін Мемлекет басшысының сөзімен аяқтағым келеді: «Қандай жағдай болса да, Президент әрқашан халқымен бірге!»

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жолдау #қайрыев #ұйғыр #жастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы демалыс күнгі жәрмеңке

Бүгін 19:54

Алматы әкімі «Вечерний Алматы» газетінің журналистерін басылымның 90 жылдық мерейтойына орай мемлекеттік наградалармен марапаттады

Бүгін 19:50

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 19:10

Стенд атудан Әлем кубогі кезеңінде Әсем Орынбай топ жарып, жаңа әлем рекордын орнатты

Бүгін 19:08

Астаналық оқушылар АҚШ-тағы әлемдік STEM жарысында топ жарды

Бүгін 19:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);