AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстан туризмді дамыту бойынша Орталық Азияда к...

Қазақстан туризмді дамыту бойынша Орталық Азияда көш бастады

Саясат Бүгін 17:19 31
Қазақстан туризмді дамыту бойынша Орталық Азияда көш бастады
Фото: visualcapitalist.com

Рейтингті қалыптастыру кезінде 17 бағытқа біріктірілген 102 көрсеткіш ескеріледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан 2026 жылғы саяхат және туризмді дамыту рейтингінде әлемнің 110 мемлекетінің арасында 56-орынға ие болды. Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) жариялаған зерттеу нәтижесі бойынша еліміз 7 балдың ішінен 4,09 балл жинап, Орталық Азия мемлекеттері арасында көш бастады.

Travel & Tourism Development Index (TTDI) индексі елге келетін туристердің санын немесе туризм саласынан түсетін табысты тікелей есептемейді. Оның негізгі мақсаты – мемлекеттегі бәсекеге қабілетті әрі тұрақты туризмді дамытуға қажетті жағдайларды бағалау.

Рейтингті қалыптастыру кезінде 17 бағытқа біріктірілген 102 көрсеткіш ескеріледі. Олардың қатарында көлік қатынасының қолжетімділігі, инфрақұрылым сапасы, туризм саласындағы мемлекеттік саясат, инвестициялық тартымдылық, табиғи және мәдени ресурстар, сондай-ақ экологиялық тұрақтылық бар.

Орталық Азия елдері туризм рейтингінде қалай орналасқан?

Өңірлік рейтингте Қазақстан 4,09 баллмен бірінші орынға шықты. Одан кейін Өзбекстан орналасқан. Көрші ел 3,69 балл жинап, әлемдік тізімде 76-орынға тұрақтады.

Қырғызстан 3,44 баллмен 93-орынға ие болды. Ал Тәжікстан мен Түрікменстан бұл зерттеуге енгізілмеген.

Осылайша, Қазақстан Орталық Азиядағы туризмді дамытуға қолайлы жағдайлар бойынша өңірлік көшбасшы атанды.

Әлемдік рейтингте қай елдер көш бастады?

2026 жылғы жаһандық рейтингтің бірінші орнына Жапония жайғасты. Ол 5,27 балл жинаған.

Екінші орынды 5,23 баллмен АҚШ иеленсе, үздік үштікті 5,22 балл жинаған Испания түйіндеді.

Үздік ондыққа Австралия, Франция, Германия, Ұлыбритания, Қытай, Швейцария және Италия да кірді.

Ал рейтингтің соңғы орындарында Мали, Сьерра-Леоне және Камерун мемлекеттері орналасқан.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан халық пен бизнеске арналған мүмкіндіктер бойынша әлемнің үздік 50 елінің қатарына енген болатын. Сонымен қатар еліміз әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің тізімінен де орын алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда колледж түлектеріне арналған ауқымды бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Бүгін 16:39

Алматыда дәрігерлер төртінші қабаттан құлаған әйелді аман алып қалды

Бүгін 16:36

Құрылтай мемлекеттік органдарға балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігіне қатысты шараларды күшейтуді ұсынды

Бүгін 16:29

Құрылтай Оқу-ағарту министрлігіне «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының уақтылы әрі сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету шараларын күшейтуді ұсынды

Бүгін 16:25

Үш жылда жаңа цифрлық құралдар 300 мыңнан астам балаға көмек көрсетуге мүмкіндік берді

Бүгін 16:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);