AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда дәрігерлер төртінші қабаттан құлаған әйел...

Алматыда дәрігерлер төртінші қабаттан құлаған әйелді аман алып қалды

Медицина Бүгін 16:36 21
Алматыда дәрігерлер төртінші қабаттан құлаған әйелді аман алып қалды
Алматы әкімдігі

Ауруханада 18 күн ем қабылдаған әйел қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасына төртінші қабаттан құлап, ауыр жарақат алған әйел шұғыл жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақтандырып, күрделі ота жасады. Ем нәтижесінде науқастың жағдайы жақсарып, ауруханадан шығарылды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері хабарлады.

Ауруханаға түскен кезде науқастың екінші дәрежелі комаға түскені, қан қысымының күрт төмендегені, жарақаттық және геморрагиялық шок алғаны анықталды. Сонымен қатар жамбас сүйектері бірнеше жерден сынып, кеуде тұсы ауыр зақымданған.

Алғашқы кезеңде дәрігерлер науқастың өмірлік маңызды ағза қызметін қалпына келтіруге бағытталған шұғыл шаралар қабылдады. Жағдайы тұрақтанғаннан кейін оны отаға дайындады.

Жамбас сүйектерін қалпына келтіріп, бекіту отасын травматолог-ортопедтер Дәулет Чукманов пен Нұржан Нұралы жасады. Анестезиологиялық көмекті Асхат Қасымұлы көрсетті. Хирургтер зақымданған сүйектерді арнайы металл пластиналар мен бұрандалардың көмегімен бекітті.

Отадан кейінгі екінші күні-ақ науқасты біртіндеп қозғалысқа келтіру жұмыстары басталды. Кейінгі емдеу шараларының нәтижесінде денсаулығы біртіндеп жақсарды. Ауруханада 18 күн ем қабылдаған әйел қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастың өмірін сақтап қалуда шұғыл медициналық көмектің уақытылы көрсетілуі, дәрігерлердің кәсібилігі мен медицина мамандарының үйлесімді жұмысы шешуші рөл атқарған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда колледж түлектеріне арналған ауқымды бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Бүгін 16:39

Құрылтай мемлекеттік органдарға балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігіне қатысты шараларды күшейтуді ұсынды

Бүгін 16:29

Құрылтай Оқу-ағарту министрлігіне «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының уақтылы әрі сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету шараларын күшейтуді ұсынды

Бүгін 16:25

Үш жылда жаңа цифрлық құралдар 300 мыңнан астам балаға көмек көрсетуге мүмкіндік берді

Бүгін 16:18

Құрылтай депутаттарының қатысуымен Қазақстанда инклюзивті білім беруге қойылатын талаптар кеңейтілді

Бүгін 16:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);