AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстан ТМҰ-да өз төрағалығын сәтті аяқтады

Қазақстан ТМҰ-да өз төрағалығын сәтті аяқтады

Саясат 07.11.2024, 08:17 874
Қазақстан ТМҰ-да өз төрағалығын сәтті аяқтады
Сурет: Gov.kz

Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) 11-ші саммиті қарсаңында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ТМҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты.

СІМ басшысы өз сөзінде Қазақстанның «TURK TIME!» ұранымен өткен ТМҰ-дағы төрағалығының нәтижелерін қорытындылады, оның аясында 80-нен астам іс-шара өткізілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Ол сондай-ақ Ұйымның халықаралық аренадағы өсіп келе жатқан және біріктіретін рөлін атап өтті.

ҚР Сыртқы істер министрі ТМҰ-ға мүше елдердің сауда, инвестициялар, көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы жетістіктерін ерекше атап, Ұйым шеңберіндегі өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын белгіледі.

Отырыс барысында ТМҰ Саммитіне дайындық барысы талқыланды, сондай-ақ осы іс-шара шеңберінде қол қоюға жоспарланған құжаттардың жобалары бекітілді.

Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) Қазақстанның бастамасымен 2009 жылы Нахчыван қаласында (Әзербайжан) құрылды. ТМҰ Хатшылығы Ыстанбұл қаласында (Түркия) орналасқан. Қазіргі уақытта Ұйымға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан мүше. Мажарстан мен Түрікменстан байқаушы мәртебесіне ие.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ТМҰ #Түркі мемлекеттері #ұйым #саммитке дайындық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының мәдениет күндері аясында Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті

Бүгін 22:37

Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Бүгін 22:34

Қазақстандық ғалым алғашқы болып Майкл Фуллан сыйлығын алды

Бүгін 19:18

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» ірі жеңіске жетті

Бүгін 19:12

Атыраулық спортшы паражүзуден Қазақстан чемпионатында үш алтын жеңіп алды

Бүгін 19:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика