AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстан тауарлары әлемнің 127 еліне экспортталад...

Қазақстан тауарлары әлемнің 127 еліне экспортталады

Экономика Бүгін 16:51 38 yakiya
Қазақстан тауарлары әлемнің 127 еліне экспортталады

Олжас Бектенов Берн одағының отырысына қатысушыларды Қазақстанда стратегиялық халықаралық инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандырушылардың ірі халықаралық бірлестігі — Берн одағының пленарлық отырысына қатысты.

Форум алғаш рет Орталық Азия өңірінде өткізіліп отыр. Отырыс жұмысына әлемнің 70-тен астам елінен 240-қа жуық делегат қатысып жатыр. Олар — жетекші экспорттық-кредиттік агенттіктердің, эксимбанктердің, халықаралық қаржы институттарының және жаһандық сақтандыру корпорацияларының басшылары.

Премьер-министр Олжас Бектенов аталған басқосудың стратегиялық миссиясын атап өтті. Еліміздің инвестициялық тартымдылығын нығайту Берн одағы мүшелері қызметінің негізгі бағыттары — халықаралық сауданың, көлік-логистикалық әлеуеттің және экспорттық мүмкіндіктердің дамуымен тығыз байланысты.

Олжас Бектенов еліміз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көшбасшылығымен саяси және экономикалық жаңғыртудың кешенді бағдарламасын дәйекті түрде жүзеге асырып келе жатқанын атап өтті. Жалпыхалықтық референдумда қабылданған жаңа Конституция Әділ және Мықты Қазақстан құруға бағытталған.

Отырысқа қатысушыларға Президент қойған міндеттерге сәйкес инвестициялық, экспорттық және іскерлік әлеуетті дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді. Мемлекет үшін шетелдік әріптестермен сенімді диалог құру — сыртқы экономикалық саясаттың ажырамас бөлігі.

— Мемлекет басшысы іскерлік ахуалды жақсартуға үнемі ерекше көңіл бөліп келеді. Бүгінде Қазақстан Орталық Азия аймағындағы ірі экономика ретінде өзінің ұлттық экономикасын құрылымдық трансформациялауды жалғастырып жатыр. Тікелей шетелдік инвестициялар 14,4%-ға өсіп, $20,5 млрд болды, ал негізгі капиталға инвестициялар 13%-ға артып, $43,5 млрд рекордтық көрсеткішке жетті. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2025 жылы $144 млрд-қа дейін өсті. Қазақстандық өнімді жеткізу географиясы мен номенклатурасы кеңейіп келеді. Бүгінде біздің тауарлар әлемнің 127 еліне экспортталады, белсенді өнім түрлерінің тізімі 4 мыңға жақындады, — деді Олжас Бектенов.

2030 жылға дейінгі Сауда саясаты тұжырымдамасы аясында Қазақстан шикізаттық емес экспортты $52 млрд-қа дейін жеткізуді мақсат етіп отыр. Қазақстан халықаралық еркін сауда келісімдері желісін кеңейтуде. Вьетнаммен, Сербиямен жасалған келісімдерге қосымша БАӘ, Моңғолия және Индонезия қосылды. Бұл архитектурада Транскаспий халықаралық көлік бағыты ерекше рөл атқарады, мұнда трансконтиненталды экономикалық дәліздер жүйесін жетілдіруге, тауар айналымын арттыру және елдеріміздегі халықтың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік беретін ірі инфрақұрылымдық бірқатар жоба жүзеге асырылуда. Шетелдік сапалы адами капиталды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Президенттің тапсырмасы бойынша көші-қон саясаты жетілдірілуде. Инвесторлар мен жоғары білікті мамандар үшін «Алтын виза» арнайы визалық режимі енгізіліп жатыр. Басым нарықтарда орналасқан Қазақстанның шетелдік сауда өкілдері және Экспорттық-кредиттік агенттіктің кеңселері кәсіпорындарға ішінара қолдау көрсетуге және халықаралық бизнестің сұраныстарына жедел ден қоюға бағдарланған.

Цифрлық күн тәртібі Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың және бизнес үшін заманауи инфрақұрылым құрудың негізгі бағыттарының бірі ретінде белгіленген.

— Ел Президенті жасанды интеллектіні дамытуға және Қазақстанды толыққанды цифрлық елге айналдыруға ерекше көңіл бөліп отыр. Қабылданып жатқан Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясы осы секторды ілгері дамытуға бағытталған, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Мұнда жасыл және исламдық қаржы құралдарын дамыту үшін ағылшын құқығы юрисдикциясында бірегей жағдайлар ұсынатын маңызды институт — «Астана» халықаралық қаржы орталығы.

ҚР Премьер-министрі делегаттарды Қазақстанда бизнесті дамыту, сауда қатынастарын кеңейту және өңірдегі инвестициялық қатысу үшін жасалған мүмкіндіктерді ескере отырып, белсенді ынтымақтастыққа шақырды. Экспорттық-кредиттік агенттік арқылы трансшекаралық мәмілелерді сақтандырудың тиімді тетіктері қолжетімді. «Бәйтерек» холдингінің желісі бойынша Қазақстанда стратегиялық халықаралық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қаржыландыру ұсынылады.

— Біз қаржыландыру, сақтандыру және кепілдендіру құралдарын біртұтас қолдау жүйесіне біріктіреміз. Оның нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылады, салық түсімдері артады және сапалы инвестициялар тартылады. Қазіргі уақытта «Бәйтерек» проактивті инвестициялық холдингтің моделіне көшуде. Үкіметпен бірлесіп 2032 жылға дейін жалпы сомасы шамамен $170 млрд-қа жуық перспективалы жобалар пулы құрылды. Осы ауқымды стратегияны жүзеге асыруда Берн одағы мүшелерінің сақтандыру және бірлескен қаржыландыру құралдарын ұсынудағы рөлі ерекше маңызды бола түсуде, —деді «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин.

Юичиро Акита өз сөзінде нарықтың қазіргі үрдістері мен өзгермелі жағдайлар аясындағы даму бағытына тоқталды.

— Ұлы Жібек жолы дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан жаһандық сауда ағындарының, инвестициялар мен озық идеялардың түйіскен жерінде бола отырып, негізгі байланыстырушы буын мәртебесін сақтап келеді. Дәл осы жерде біз жаңа сын-қатерлерді саралап отырғанымыз — символдық мәні бар жайт. Бүгінгі таңда әлемдік қауымдастық қайтадан тарихи тоғысқан тұста тұр. Экспорттық-кредиттік агенттіктер неғұрлым стратегиялық және таңдаулы тәсілге көшетін өзара іс-қимылдың сапалық жағынан өзгеше архитектурасы қалыптасуда. Ағымдағы кездесулер аясындағы сындарлы пікір алмасу тиімді бірлескен шешімдер әзірлеуге берік негіз қалыптастыратынына сенімдімін, — деді Берн одағының президенті Юичиро Акита.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Берн одағы мүшелері ұсынатын жиынтық сақтандыру көлемі жылына шамамен $3,7 трлн. Бұл әлемдік трансшекаралық сауда айналымының шамамен 13%-ын қамтиды.

Берн одағының пленарлық отырысы жаһандық экономикалық күн тәртібі, инвестициялар мен Орталық Азияны дамыту стратегиясы, сондай-ақ қаржыландыру және инновациялар мәселелеріне арналған панельдік сессиялар форматында жалғасты.

Анықтама:

Берн одағы — экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыратын ірі ұйымдарды біріктіретін жетекші халықаралық коммерциялық емес ұйым. 1934 жылы Бернде (Швейцария) құрылған одақ бүгінде Лондонда (Ұлыбритания) орналасқан. Ұйымның қызметі әлемдік сауданың дамуына жәрдемдесуге, экспорттық кредит беру саласында халықаралық стандарттарды енгізуге, сондай-ақ мемлекетаралық деңгейде сараптамалық тәжірибе мен ақпарат алмасуға арналған алаң қалыптастыруға бағытталған.

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі — шикізаттық емес экспортты қолдау және ілгерілетуге маманданған ұлттық даму институты. Компания «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ құрылымына кіреді және Берн одағының Прага клубының толыққанды мүшесі болып саналады.

Айта кетелік Қазақстан экономикасы төрт айда 3,6%-ға өскен еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инвестиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Бүгін 17:23

Қазақстандық дзюдошы Камила Берліқаш Grand Slam турнирінде күміс медаль алды

Бүгін 17:20

Ақтаулық оқушы табиғатты қорғау тақырыбында мульфильм жасап шығарды

Бүгін 17:16

Қазақстандық гимнастар Варнадағы Challenge Cup кезеңінде екі рет үздік бестікке енді

Бүгін 17:13

Ауыр атлеттер Мысырдағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды

Бүгін 17:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);