AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстан Швецияда денсаулық сақтау саласында тәжі...

Қазақстан Швецияда денсаулық сақтау саласында тәжірибе алмасты

Медицина 18.11.2023, 13:21 1,769
Қазақстан Швецияда денсаулық сақтау саласында тәжірибе алмасты
gov.kz

Құрамында  МСАК мамандары, ҚР ДСМ құрылымдық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары бар қазақстандық делегация ДДҰ-ның МСАК жөніндегі географиялық қашықтағы офисімен әріптестікте Швецияға барды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Өздеріңіз білетіндей, 2022 жылдың наурыз айында Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында еуропалық өңірде ДДҰ-ның МСАК бойынша алғашқы демонстрациялық платформасы ашылды. Басқа елдердің денсаулық сақтау сарапшылары МСАК қызметтерін көрсету үшін көпбейінді командаларды ұйымдастырудағы Қазақстанның тәжірибесін зерделей алады. Осы платформаның негізінде Қазақстанда Армения, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және т. б. делегациялар оқытылды.



Елдердің Қазақстан мысалында МСАК-ты ұйымдастырудың табысты практикаларын оқытуға мүдделілігі ескеріле отырып, Швецияда цифрлық шешімдердің көмегімен шалғайдағы, халқы аз ауылдық өңірлерде МСАК қызметтерін ұйымдастыруды оқыту және мейіргерлердің құзыреттерін кеңейту үшін МСАК бойынша ДДҰ-ның екінші демонстрациялық платформасы ашылды.



Қазақстан Швецияда денсаулық сақтау саласында тәжірибе алмасу бағдарламасына қатысу үшін ДДҰ шақырған алғашқы елдердің бірі болды.


Сапардың барысында Швецияның Денсаулық сақтау және әлеуметтік істер министрлігінің, басқа да мемлекеттік ведомстволардың өкілдерімен, салалық сарапшылармен, ғылыми топтардың өкілдерімен кездесулер өткізілді. Өзекті мәселелер талқыланды, денсаулық сақтау қызметтеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз ету және медициналық көмектің сапасын арттыру, пациенттердің мүмкіндіктерін кеңейту және Швеция мысалында үздік практикалармен алмасу үшін қашықтықтан цифрлық шешімдерді зерделеу өтті.


Қазақстан делегациясы Швед тарапымен одан әрі әріптестікті жалғастыруға қызығушылық білдіріп, МСАК-ты жақсарту және пациенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру жөніндегі күш-жігерді біріктірудің маңыздылығын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Швеция #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);