Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / «Қазақстан» шахтасындағы апатты тергеу жөніндегі к...

«Қазақстан» шахтасындағы апатты тергеу жөніндегі комиссия жұмысқа кірісті

Оқиға 18.08.2023, 12:45 1,097
«Қазақстан» шахтасындағы апатты тергеу жөніндегі комиссия жұмысқа кірісті
Сурет: ашық дереккөз

«Қазақстан» шахтасындағы апатты тергеу жөніндегі комиссия құрылып, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Қазақстан» шахтасындағы апатты тергеуге кірісті. Комиссия мүшелері өрттің себебін және төтенше жағдайдың мән-жайын анықтауы тиіс, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.


Сондай-ақ шахта базасында жедел штаб құрылды. Оның жұмысы Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басинге тапсырылды.


Бұл туралы Шахтинск қаласындағы өңірлік коммуникациялар қызметінің платформасында ұйымдастырылған арнайы көшпелі брифинг барысында белгілі болды.


ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Кеңгірбай Есенеевтің айтуынша, шахтада соңғы тексеру жақында ғана жүргізіліпті. Бұзушылықтар анықталды, бірақ олар адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеген.


Метанның асып кетуі де тіркелмепті. Апатты жою жоспары СО бойынша айғақтарға байланысты енгізілді, деп атап өтті «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Тау-кен сегменті атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай.



«Зардап шеккен бес адамның екеуі жұмыс қабілеттілігі мен орналасу жүйесін тексерумен айналысатын слесарлар болды. Олар бірінші ауысымда апат болған конвейер беткейіндегі кейбір ақауларды жою жұмыстарын атқаруда еді. Апат орнындағы тағы бір слесарь КТ учаскесінен еді. Екі жұмысшы апат учаскесінің жанында болды», – деді Сергей Огай.




Бүгінгі таңда 11 адам ауруханада жатыр. Тоғыз адам Қарағандыда және 2 адам Шахтинскіде.


Қаза тапқан және зардап шеккен кеншілердің отбасыларына жан-жақты көмек көрсетіледі, деп сендірді Вадим Басин.



«Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Барлық қажетті көмек компания тарапынан да, мемлекет тарапынан да уақтылы және толық көлемде көрсетілетін болады. Ешкім назарсыз қалмайды. Барлығымыздың қабырғамыз қайысып, қайғырып отырмыз», – деді Вадим Басин.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#шахта #апат #комиссия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика