AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстан - Шахмат олимпиадасының екі дүркін күміс...

Қазақстан - Шахмат олимпиадасының екі дүркін күміс жүлдегері

Спорт 28.09.2026, 09:03 217
Қазақстан - Шахмат олимпиадасының екі дүркін күміс жүлдегері
ҚР Туризм және спорт министрлігі

Жарысқа 400-ге жуық команда қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан әйелдер құрамасы Шахмат олимпиадасында қатарынан екінші рет күміс медаль иеленді.

Биылғы дода 16-27 қыркүйек аралығында Самарқандта (Өзбекстан) өтті. Ерлер мен әйелдер арасындағы жарысқа 400-ге жуық команда қатысып, рекордтық көрсеткіш тіркелді.

46-шы Шахмат олимпиадасының шешуші, 11-турында Қазақстан құрамасы Польша командасымен кездесті. Елназ Қалихмет жеңіске жетсе, Бибісара Асаубаева мен Меруерт Қамалиденова қарсыластарымен тең түсті. Ал Алуа Нұрман турнирдегі алғашқы жеңілісіне ұшырады. Матч 2:2 есебімен аяқталды.

Осы нәтижеден кейін Қазақстан 18 ұпай жинап, 189 әйелдер құрамасы арасында екінші орын алды. Қытай құрамасы чемпион атанса, Үндістан үшінші орынға ие болды.

Бұл нәтиженің тағы бір ерекшелігі - Қазақстан әйелдер құрамасы Шахмат олимпиадасын алғаш рет бірде-бір командалық жеңіліссіз аяқтады. Ұлттық құрама жеті кездесуде жеңіске жетіп, төрт матчта тең түсті.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2024 жылы Будапештте өткен Олимпиадада да күміс медаль жеңіп алған еді. Енді араға екі жыл салып, отандастарымыз сол нәтижені Самарқандта қайталады.

Қазақстан құрамасында Бибісара Асаубаева, Алуа Нұрман, Меруерт Қамалиденова, Елназ Қалихмет және Зарина Нұрғалиева өнер көрсетті. Құрама капитаны - Павел Коцур.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);