Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан ресейлік СБЕР платформасынан бас тартты

Қазақстан ресейлік СБЕР платформасынан бас тартты

Әлеумет 15.04.2022, 06:10 1,143
Қазақстан ресейлік СБЕР платформасынан бас тартты
Сурет: Web-prost.ru

Отандық жоба іске асырылады.


Қазақстан ресейлік «СБЕР» платформасынан бас тартты. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбақин мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Қазіргі геосаяси ахуалды, сонымен қатар өзге де тәжірибелерімізді саралай келе, өз күшімізбен, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен жасаймыз деп шештік. Бұл платформа қазақстандық ІТ-компаниялардың күшімен жасалады. Қазір техникалық-экономикалық сараптама жасалып жатыр. Жыл соңына дейін бірінші сервистер дайын болады. Жобаға 2-3 жылда көшеміз», - деді ол Орталық коммункациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.



Бұған дейін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Сбербанкпен арадағы цифрлық платформаның орнына отандық жоба іске асырылуы мүмкін екенін айтқан болатын.



«Геосаясаттың салдарынан біз әлі шешім қабылдаған жоқпыз. Яғни одан бас тартамыз ба немесе басқа технологияға көшеміз бе деген мәселе пысықталып жатыр. Бірақ палатформаға көшетініміз анық. Осы орайда өзіміз жасаған жүйе де болуы мүмкін. Біз бір жылдың ішінде тиісті талдау жұмыстарын жүргіздік. Өзіміз жасаған платформаға белгілі бір уақыт пен қаражат керек болады. Талқылау аяқталған соң, бір айдың ішінде толық ақпаратты жариялаймын», - деген еді Бағдат Мусин.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#платформа #Қазақстан #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов геологиялық барлауға отандық технологияларды енгізу бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды

Бүгін 15:34

Дәрігерлер бірден байқалатын қатерлі ісік белгілерін атады

Бүгін 15:16

Air Astana жергілікті жеткізушілердің дамуын қолдайды

Бүгін 14:52

Тарихи "алтын": алматылық Богдан Неумывакин ушу-саньдадан әлем чемпионы атанды

Бүгін 14:38

Санжар Боқаев екі айға қамауға алынды

Бүгін 14:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика