AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан-Ресей қауіпсіздік қызметі арнайы операци...

Қазақстан-Ресей қауіпсіздік қызметі арнайы операция өткізді

Әлеумет 04.01.2023, 07:25 1,298
Қазақстан-Ресей қауіпсіздік қызметі арнайы операция өткізді
сурет. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

ҚР ҰҚК мен ІІМ Ресейлік Федералдық қауіпсіздік қызметі және ІІМ-мен бірге арнайы операция өткізді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы тапсырмасының аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмыстың елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға тигізетін әсерін төмендету бойынша жұмысты жалғастыруда.


2022 жылғы 3 қаңтарда ҚР ҰҚК мен ІІМ Ресейлік Федералдық қауіпсіздік қызметі және ІІМ-мен бірге Байқоңыр қаласында құрамына Қазақстан және Ресей азаматтары кірген қоғамға қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесу бойынша бірлескен арнайы операцияны іске асырды.



Бір уақытта Астана, Қызылорда және Қонаев қалаларында аталған топтың көмекшілері ұсталды. Жалпы, арнайы операция барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 18 басшысы мен белсенді мүшелері ұсталды. Олардың тұрғылықты жерлері бойынша атыс қаруы, ақшалай қаржы және тергеу үшін қызығушылық тудыратын өзге де материалдар алынды.



Қылмыстық топтың адам ұрлауға, бопсалауға, қарумен қарақшылық шабуылдауға және ұрлыққа қатысы бары анықталды. Қылмыстық элементтер ұзақ уақыт бойы Байқоңыр қаласы және Қызылорда облысындағы қылмыстық ахуалға кері әсер етіп келіп, ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасаудағы қатыгездіктерімен ерекшеленген.


Мысалы, 2022 жылғы қыркүйекте қылмыстық топтың қатысушылары арасындағы қарулы қақтығыс салдарынан көшеден өтіп бара жатқан бейбіт адамға оқ тиіп, оқиға орнында көз жұмған.


ҰҚК қызметкерлері арнайы операцияны прокуратурамен келісе отырып, жедел іздеу және техникалық іс-шаралардың кешенін жүргізу арқылы көп айлар бойы тыңғылықты әзірлеп келген.


Қазіргі уақытта сот алды тергеу аясында ұсталғандардың өзге де қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексерілуде және қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Ресей #қауіпсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда британдық туристердің көлігі сорға батып қалды

Бүгін 15:26

Алматыда Senat Open-2026 шахмат турнирінің ширек финалы басталды

Бүгін 14:01

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Бүгін 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Бүгін 09:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);