Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қазақстан Қырғызстанмен тауар айналымын екі есе ар...

Қазақстан Қырғызстанмен тауар айналымын екі есе арттырмақ

Әлем 29.04.2022, 15:08 1,164
Қазақстан Қырғызстанмен тауар айналымын екі есе арттырмақ
Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Бүгінде бұл көрсеткіш 1 миллиард долларға жеткен.


Бішкекте Қазақстан-Қырғыз үкіметаралық кеңесінің 10-отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қырғызстан Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі достық қарым-қатынастар байланыстыратын бауырлас мемлекет екенін атап өтті.


Қазақстан Үкіметінің басшысы екі ел арасындағы тауар айналымын арттыру мәселесіне ерекше тоқталды, ол қазірдің өзінде 1 миллиард долларға жетіп отыр.



«Әлбетте, біз мұнымен шектеліп қалмаймыз, екі елдің әлеуеті бұдан да жоғары деп есептеймін. Біздің алдымызда тұрған ендігі міндет – өзара сауда деңгейін $2 млрд-қа дейін жеткізу», – деді Әлихан Смайылов.



Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін тауар номенклатурасын кеңейтіп, индустриялық сауда-логистикалық кешендерді құру жөніндегі жұмысты жандандырып, көлеңкелі тауар айналымына қарсы күрес шараларын күшейту қажет.


Ал Қырғызстан министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров екі халық арасындағы тарих пен мәдениеттің ортақтығына, өзара түсіністік пен сенімге негізделген достық және бауырластық байланыстар ортақ мақсат – халықтарымыздың гүлденуі мен әл-ауқатын арттыруға көмектесетініне сенім білдірді.


Кездесу соңында тараптар келіссөздердің жемісті болғанын атап өтіп, тату көршілік және стратегиялық серіктестік рухында мемлекетаралық белсенді іс-қимылды жалғастыруға дайын екендерін білдірді.


Келіссөздер қорытындысы бойынша үкіметаралық кеңестің 10-отырысының хаттамасына, сондай-ақ «GFC Bishkek» ЖШҚ құру туралы келісімге қол қойылды.



Келісім АХҚО Жасыл қаржы орталығының және қырғызстандық серіктестер – «Айыл Банк» ААҚ, «Қырғыз қор биржасы» ЖАҚ және «Қырғызстан банктерінің одағы» ЗТБ қатысуымен бірлескен компания құруды көздейді. Бірлескен компанияны құру «Астана» халықаралық қаржы орталығын Қырғызстанда және Орталық Азия өңірінде ілгерілетуге бағытталған.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #сауда #қырғызстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Бүгін 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Бүгін 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Бүгін 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика