Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстан құтқарушылары арасында республикалық тур...

Қазақстан құтқарушылары арасында республикалық турнир өтті

Спорт 28.05.2022, 08:25 1,943
Қазақстан құтқарушылары арасында республикалық турнир өтті
Сурет: Inform.kz

Қазақстан құтқарушылары арасында республикалық турнир биыл Ақтау қаласында өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Дода қорытындысында Нұр-Сұлтан қаласының командасы бірінші орынды иеленсе, Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары екінші орынға жайғасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша турнир Ақтау қаласындағы «Жас қанат» спорт кешенінде өтті. ҚР «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы» қоғамдық бірлестігі атқарушы комитетінің директоры Дәурен Данаевтың айтуынша, өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша мұндай жарыстар қызметкерлердің ұйымшылдығын арттырып, жұмысқа, спортқа деген құлшынысын, ниетін арттырады.


Турнирде 9 облыс және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары төтенше жағдайлар департаменттерінің командалары, сондай-ақ Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының құрама командасы және 12 әйелдер командасы сынға түсті. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір намысын қорғауға ең мықты деген құтқарушылар аттанды.



«Командалар әуелі кедергілері бар жүз метрлік жолақтан жүгіріп жарысты. Онда өңір спортшылары үшінші орын алды. Ал оқу-жаттығу мұнарасының 4-қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілуде біздің спортшылар бірінші болды. Екі жарыстың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан командасы Нұр-Сұлтан қаласының командасымен ұпай саны бірдей болып, бірінші орынды бөлісті. Алайда, жауынгерлік қанат жаюда бірнеше секунд жетпей қалды. Жарыс қорытындысы бойынша ШҚО ТЖД спортшылары екінші орынды иеленді», - делінген ақпаратта.








Телеграм арнаға жазылыңыз
#Құтқарушы #турнир #ақтау #Жас қанат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Бүгін 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Бүгін 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Бүгін 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика