AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қазақстан қор биржасының жалған сайты пайда болды

Қазақстан қор биржасының жалған сайты пайда болды

Заң мен тəртіп 06.04.2023, 17:45 1,067
Қазақстан қор биржасының жалған сайты пайда болды
Сурет: Egemen.kz

Интернет алаяқтық.


Алаяқтар KASE Қазақстан қор биржасының жалған веб-сайтын жасап, брокерлердің атынан ақшаларын тиімді инвестициялауды ұсынып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.


KASE баспасөз қызметінің мәліметінше, олар өз жарналамаларында KASE логотипін немесе KASE қызметкерлерінің фотосуреттерін пайдаланып, жалған сайттар құрады. Жақында желіде пайда болған жалған сайт: http://kasekz2022.tilda.ws


Ал KASE-нің ресми сайты: https://kase.kz.

«Биржа азаматтарды қырағы болуға және қаскүнемдердің қулықтарына түспеуге шақырады. KASE ресми түрде Биржаның немесе оның қызметкерлерінің тікелей қатысуымен биржалық нарықтарда бағалы қағаздарды немесе басқа активтерді сатып алу үшін жеке немесе заңды тұлғаларға ешқашан өз қызметтерін ұсынбайтынын мәлімдейді», - делінген хабарламада.


Ведомство мәліметінше, KASE сауда-саттықты ұйымдастырушы болып саналады және тек қаржы ұйымдарымен (банктермен және брокерлік ұйымдармен) тікелей өзара іс-қимыл жасайды, оларға биржаның сауда-саттық жүйесіне қосылуға, өтінімдер беруге және мәмілелер жасауға мүмкіндік береді. Биржаның сауда-саттық жүйесіне тікелей қосыла алатын және онда мәмілелер жасай алатын ұйымдар - биржаның мүшелері.


«Брокерлік ұйымдармен байланыста болған кезде абай болыңыз. Олар жеке инвесторларға қызмет көрсетеді және жеке клиенттердің атынан биржаның сауда-саттық жүйесінде операциялар жасай алатын брокерлік ұйымдар. Бұл жағдайда алаяқтар көбінесе осындай ұйымдардың атынан әрекет етеді», - деп толықтырылған хабарлама.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#алаяқтық #интернет #жалған сайт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);