AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшісі АҚШ-...

Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшісі АҚШ-та өткен Best warrior байқауында рекорд орнатты

Әлеумет 16.05.2025, 11:34 771
Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшісі АҚШ-та өткен Best warrior байқауында рекорд орнатты
Сурет: Gov.kz

Қазақстан Қарулы күштерінің командасы Аризона штатындағы Кемп Навахо әскери базасында жыл сайын өтетін Best warrior байқауында бағын сынауда, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Қазақстанның намысын өткен жылы кәсіби сайыста жүлделі орындарға ие болған 54835-А әскери бөлімі батальонының сержанты 3-сыныпты сержант Аслан Дархан мен 18404 әскери бөлімі ротасының 3-сыныпты гвардия сержанты Рауан Тоқтарбеков қорғауда.

18 мамырға дейін созылатын байқауға АҚШ-тың 7 штатынан, Фиджи, Гуам, Тонга және Филиппиннен келген әскери қызметшілер сайысып жатыр. Аризона Ұлттық гвардиясы жыл сайын Best warrior байқауын өткізіп, онда әскери қолданбалы пәндерден үздік деп танылған сержанттарды анықтайды.

Сайыс армиялық жауынгерлік фитнес тесті, жауынгерлік даярлықты оқыту пәндерінен нормативтерді орындау, түнгі күзет, картамен жұмыс, аймақты бағалау және азимут бойынша қозғалыс, жергілікті жерді патрульдеу, тактикалық медицина, М-240В пулеметінен, М-4 автоматынан, М-17 тапаншасынан ату, арнайы әскери сауытпен және 12 келі жүкпен 22 шақырымға марш жүгіру сынды 10 негізгі жарыстан тұрады.

Дүбірлі додада АҚШ армиясының қару-жарағымен және құралдарында жаттығулар мен нормативтерді орындаса да біздің әскери қызметшілер тамаша нәтижелер көрсетіп жатыр. Нақтырақ айтсақ, 3-сыныпты сержант Дархан Аслан 800 метрге жүгіруде қашықтықты 2 минут 5 секундта еңсеріп, үздік нәтиже көрсетті. Оның көрсеткен нәтижесі Аризона штатының Ұлттық гвардия байқауының бүкіл тарихындағы рекорд ретінде тіркелді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Қарулы күштер #Best warrior #Рекорд
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Германияның маңдайалды жоғары оқу орындары ректорларымен және ғылыми институт жетекшілерімен кездесті

Бүгін 01:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөз жүргізді

Бүгін 22:45

Қазақстан-Германия бизнес форумында маңызды келісімдер жасалды

Бүгін 22:30

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Бүгін 21:15

Қазақстан Республикасының Президенті мен Германия Федеративтік Республикасы Президентінің Бірлескен Декларациясы

Бүгін 21:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);