Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан қандай азық-түлікпен өзін-өзі қамти алад...

Қазақстан қандай азық-түлікпен өзін-өзі қамти алады?

Әлеумет 28.03.2022, 05:24 1,378
Қазақстан қандай азық-түлікпен өзін-өзі қамти алады?
Сурет: Leaderteam.ru

Қазақстанға әкелінетін импорттық өнімдер мен тауарлардың бағасы бір жылда 13%-ға қымбаттаған.


Ақпан айының қорытындысы бойынша, ішкі нарықтағы азық-түлік тауарларының тұтынушылық бағасы бір жыл ішінде 10 пайызға өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еnergyprom.kz сайтына сілтеме жасап.


Биылғы жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша, қазақстандық компаниялар нарықтың ұнға (сұраныстың 99,7%-ын отандық өндіріс қамтамасыз еткен), жұмыртқаға (97,2%), жарма мен күрішке (96,6%) қызыл ет пен құс етіне (95,5%), өсімдік майына (88,8%), сондай-ақ макарон өнімдері, кеспе және басқа да соған ұқсас ұн өнімдерге (85,1%) қажеттілігін жеткілікті деңгейде жергілікті өніммен қамтамасыз ете алды.


Сүт өнімдерінің сегментіне келетін болсақ (жаңа сүтті қоспағанда), мұнда тұтастай алғанда бүкіл өнім желісі бойынша өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі жаман емес, яғни 84,4% көрсеткішке ие, дегенмен жекелеген өнім топтары бойынша жағдай басқаша екені байқалды. Осылайша, жергілікті компаниялар сары майға деген сұранысты небәрі 67,9%-ға, ал ірімшік пен сүзбеге одан да аз, небәрі 53,7%-ға ғана қамтамасыз ете алған.


Сонымен қатар, шұжық өнімдері (бұл жерде жергілікті компаниялар 62,3%), жеміс-көкөніс шырындары (50,2%), өңделген және консервіленген балық, шаян тәрізділер мен моллюскалар (47,6%), шоколад (36,2%) қант (35,8%), шай және кофе (бар болғаны 29,9%) сияқты азық-түлік секторлары импортқа тәуелді болып отыр.


Алкоголь өнімдерінің ішінде жергілікті компаниялар сыраға деген сұранысты 93,2%-ға, арақ пен алкогольдік сусындарға – 77,9%-ға, коньяк пен коньяк сусындарына – 58,6%-ға, шараптарға – 49,4%-ға (бірақ шараптар арасында тікелей шампанға – 95,5%-ға) сұранысты өтеп отыр.



Ағымдағы жылдың қаңтар айында импорттық өнімдер мен тауарлардың бағасы бір жыл ішінде 12,8%-ға өсті. Соның ішінде ТМД елдерінен келетін өнімдердің Қазақстан үшін импорттық бағасының деңгейі айтарлықтай 21,3%-ға, басқа елдерден тасымалданатын заттардың бағасы – 4,9%-ға өсті.


Азық-түлік тауарларының ішінде қант пен қант қосылатын кондитерлік өнімдердің (бірден 38,7%), ет, балық немесе шаян тәрізділер, моллюскалар және басқа да омыртқасыз су жануарларынан алынған дайын өнімдер (32,3%), жануарлар немесе өсімдіктен алынатын тоң майлар мен майлар (26,9%-ға), шұжық және соған ұқсас ет өнімдері (20,6%-ға), балық және ұлулар (19,6%-ға), күнбағыс майы (15%-ға) бағасы айтарлықтай өсті.



Еліміздің ішкі нарығында ағымдағы жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша азық-түлік тауарларының тұтынушылық бағасы бір жыл ішінде 10 пайызға қымбатаған. Өңірлік тұрғыдан алғанда, бағаның қатты қымбатшылығын Ақмола, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының тұрғындары сезінді.


Азық-түлік өнімдерінің ішінде жарма (16%-ға), май және тоң май (14,1%-ға), макарон өнімдері (12,5%-ға), жемістер мен көкөністер (12,4%-ға), ұн (11,1%-ға), ет (11,1%-ға), қант (11%-ға) бағасы айтарлықтай қымбаттады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#азық #баға #өнім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика