Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Лайфстайл / Қазақстан прокатына «Пряники для её отца, моего пр...

Қазақстан прокатына «Пряники для её отца, моего прадеда, её деда» деректі фильмі шығады

Лайфстайл 25.02.2026, 18:14 564
Қазақстан прокатына «Пряники для её отца, моего прадеда, её деда» деректі фильмі шығады
Фильм кадры

Режиссер Алина Мустафинаның «Пряники для её отца, моего прадеда, её деда» атты деректі фильмі Қазақстан кинотеатрларының прокатына жол тартады. Бұл туынды - мемлекет қолдауымен түсіріліп,  шектеулі көрсетілім форматында коммерциялық кинотеатр прокатына шыққан алғашқы деректі фильм, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Фильм аптасына бір рет Астанадағы Eurasia Cinema, Алматы мен Шымкенттегі Kinoplexx кинотеатрларында көрсетіледі.

«Біз үшін фильмнің үлкен экранға дәл Қазақстанда шығуы айрықша маңызды. Бұл – жеке оқиғаны бөлісумен қатар, мемлекеттік қолдаумен түсірілген деректі киноның да өз көрерменін таба алатынын көрсету мүмкіндігі», – деп атап өтті фильм продюсері Еркежан Мақсұт.

Картина өзегінде – Қазақстандық үш әйелдің тағдыры: әжесі, анасы мен немересі. Олар Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан арғы ата, әке және атаның Польша еліндегі жерленген орнына сапар шегеді. Фильм роуд-муви форматында түсіріліп, отбасылық жады, түп-тамырды іздеу, ұлттық болмыс пен ұрпақтар сабақтастығы тақырыптарын арқау етеді.

Фильмді UVENT Production кинокомпаниясы өндірген. Жобаның продюсерлері – Ақжол-би Сәрсембаев және Еркежан Мақсұт. Фильм Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен жүзеге асырылды.

Фильмнің әлемдік премьерасы 2024 жылдың күзінде Busan International Film Festival (Оңтүстік Корея) аясында өтті. Премьерадан кейін картина бірқатар халықаралық фестивальдерде көрсетіліп, кәсіби мойындауға ие болды. Атап айтқанда, Cinema Verite (Иран) фестивалінде Гран-при жүлдесін, Bastau Film Festival аясында Президент жүлдесін, Ақтауда өткен «Қорқыт Ата» халықаралық кинофестивалінде үздік деректі фильм аталымы бойынша бас жүлдені, сондай-ақ Asian American International Film Festival фестивалінде мен Sikay Tang Critical Lens Award марапаттарын иеленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#фильм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы ғылыми әлеуетін нығайтып жатыр: Satbayev International Conference 2026 жиынында климаттық технологиялар талқыланды

Бүгін 14:48

Астанада пәтер өртеніп, үш бала қаза тапты: аман қалған әйелдің жағдайы айтылды

Бүгін 14:40

Академиялық ұтқырлық пен жаһандық білім кеңістігі

Бүгін 14:18

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі ажырасуға не себеп болғанын ашық айтты

Бүгін 14:09

Алматының Наурызбай ауданында 35 абаттандыру жобасы қолға алынып, жаңадан 38 аула ашылмақшы

Бүгін 12:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика