Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат...

Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады

Билік 08.10.2021, 10:45 1,067
Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Ерболат Досаевты қабылдады


Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасының биылғы 9 ай ішіндегі ақша-несие саясатын жүзеге асырудың алдын ала қорытындылары туралы, әлемдік экономиканы қайта қалпына келтірудің қарқыны және оны пандемияға дейінгі деңгейге жеткізу, сондай-ақ дамыған елдердегі орталық банктердің ақша-несие саясатын күшейтуге көше бастағаны жөнінде есеп берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Ерболат Досаев Президентке қыркүйек айында жылдық инфляцияның 8,9 пайызға дейін қарқын алғаны жайында баяндады. Айлық инфляцияның артуына ақылы қызметтер, соның ішінде, ең алдымен білім беру және тұрғын үйлерді жалға алу салалары үлкен үлес қосты.


Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық банктің Үкіметпен бірлесіп жүзеге асырып жатқан инфляцияға қарсы кешенді шаралары және инфляцияны болдырмау жөніндегі монетарлық саясаттың негізгі бағыттары туралы мәлімет берілді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қатысты баға биылғы тамыз айындағы 10,4 пайыздан қыркүйекте 9,6 пайызға дейін төмендегені атап өтілді.


Ұлттық банк төрағасының мәліметі бойынша, шикізат тауарлары бағасының қымбаттауына, тұтынушылар тарапынан туындаған шектеулерге байланысты әлемдегі тұтыну бағалары ең жоғары деңгейде сақталып отыр. Кездесу барысында жыл соңына дейін және 2022 жылға арналған энергия тасымалдаушылар бағасына қатысты болжамдар ұсынылды.


Президентке Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері мен Ұлттық қор активтерінің жай-күйі, сондай-ақ валюта нарығындағы ахуал жөнінде баяндалды.  


Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Ұлттық төлем жүйесін дамытудың және цифрлық биометриялық сәйкестендірудің ұлттық платформасын құрудың алдын ала нәтижелері туралы мәлімет берілді.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қабылдау #мемлекет басшысы #ұлттық банк
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика