конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Қазақстан Президенті бірқатар мемлекеттің елшілері...

Қазақстан Президенті бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Билік 19.04.2022, 08:04 1,288
Қазақстан Президенті бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Сурет: Akorda.kz.

Президент елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтады.


Ақорда резиденциясында 10 мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Сенім грамоталарын Куба елшісі Оскар Сантана Леон (резиденциясы Нұр-Сұлтан қаласында), Бангладеш елшісі Камрул Ахсан, Доминикан Республикасының елшісі Франк Ганс Данненберг Кастельянос, Аргентина елшісі Эдуардо Антонио Зуайн, Перу елшісі Хуан Хенаро дель Кампо Родригес, Нигерия елшісі Якубу Сантураки Сулейман, Лаос елшісі Вилаван Йиапохэ, Чад елшісі Адам Бешир Махамуд, Руанда елшісі Фиделис Нтампака Миронко, Бенин елшісі Акамби Андре Окунлола-Биау тапсырды.



Мемлекет басшысы елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, еліміздегі игі міндеттерін орындау барысында оларға Президент Әкімшілігі мен Қазақстан Үкіметі тарапы жан-жақты қолдау көрсететінін және көмектесетінін айтты.


Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде әлемнің соңғы отыз жыл ішінде ең күрделі геосаяси және геоэкономикалық ахуалды бастан өткеріп отырғанын айтты. Оның айтуынша, коронавирус пандемиясы елдеріміз үшін айтарлықтай сынақ болды. Сонымен қатар халықаралық қатынастардағы ахуалдың шиеленісуі әлемнің дамуына кері әсер етіп отыр.  Осыған байланысты Қазақстан Президенті қақтығыстардың БҰҰ Жарғысына сәйкес тезірек және әділ реттелетініне сенімді екенін жеткізді.



Мемлекет басшысы көп ұлтты және көп конфессиялы Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтті.



«Біз демократиялық өзгерістердің жаңа дәуіріне өткенімізді жариялап, мемлекеттік билікті бұрын-соңды болмаған орталықсыздандыруға, үйлесімді және тепе-теңдік жүйесін нығайтуға кірістік», – деді Президент.




Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде шетелдік инвесторлар мен сауда жөніндегі серіктестердің Қазақстан экономикасына деген сенімін нығайтуға баса мән берілетініне тоқталды.



«Біздің Үкімет ұлттық экономиканың ашықтығына, келісімшарттарға қол сұғылмауына және жемқорлықпен аяусыз күреске бейілділігін сақтайды. Бұл реформалар халқымыздың тарихындағы бетбұрыс кезеңді білдіреді. Біз тұралап қалу емес, қарқынды даму жолын таңдаймыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.




Президент шын мәнінде бәсекеге қабілетті, демократиялық және әлеуметтік мемлекет құру үшін әлемнің барлық елімен өзара тиімді әрі достық қарым-қатынастарды нығайтуға ниетті екенімізді айтты.


Рәсім соңында Мемлекет басшысы дипломаттарға табыс тілеп, олардың мемлекеттерінің басшыларына жүрекжарды сәлемін жолдады. Сондай-ақ жиынға қатысушыларды қасиетті Рамазан айымен, Пасха мерекесімен және Лаос Жаңа жылымен құттықтады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #елші #Дипломат #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Балқаш жағалауында құтқарушылар батпаққа батқан 15 адамды эвакуациялады

Кеше 18:57

Қазақстандық Нодира Ахмедова күміс жүлдегер атанды

Кеше 18:54

Еліміз ұлттық мұраның 10 элементін ИСЕСКО тізіміне енгізуге құжат әзірлеп жатыр

Кеше 18:50

Батысқазақстандық параспортшы боччадан Қазақстан чемпионы атанды

Кеше 18:45

Қазақстандық студенттер ЖИ негізінде 440-тан астам жоба әзірледі

Кеше 18:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);