AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстан Президенті Әзірбайжан Милли Мәжілісінің...

Қазақстан Президенті Әзірбайжан Милли Мәжілісінің спикері Сагиба Гафарованы қабылдады

Саясат 29.09.2021, 09:51 1,991
Қазақстан Президенті Әзірбайжан Милли Мәжілісінің спикері Сагиба Гафарованы қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Қазақстан мен Әзірбайжанның парламентаралық диалогы жанданып келеді


Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы қатынастардың ерекше сипатқа ие екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.



«Соңғы жылдары мемлекетаралық ынтымақтастығымыз қарқынды дамып келеді. Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевпен әрдайым байланыстамын. Біз елдеріміз арасындағы өзара қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы үнемі пікір алмасамыз. Тәуелсіздік алған уақыттан бері елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты табысты жалғастырып келеміз», – деді Президент.



Мемлекет басшысы екі елдің парламентаралық диалогының жанданып келе жатқанын ерекше атап өтті.  



«Кейінгі жылдары парламенттік дипломатия бірте-бірте саяси маңызға ие болып келеді. ТүркПА-ның жуырда өткен отырысының қорытындылары – мұның анық дәлелі. Аталған жиын өте табысты болды және бірлескен өте мазмұнды құжат қабылданды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Милли Мәжіліс спикері кездесуге мүмкіндік бергені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Президент Ильхам Әлиевтің жүрекжарды сәлемін жеткізді. Сонымен қатар ТүркПА жұмысының қорытындылары туралы айтты.


«Біз Ассамблеяның жұмысына атсалысқанымызға өте қуаныштымыз. Қазақ халқының рухани орталығы – Түркістанда болған екі күн ішінде онда атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға куә болдық. Көргеніміздің бәрі бізді қатты тамсандырды. Әзірбайжан мен Қазақстан - бауырлас мемлекеттер. Бізді түркілік тамырымыз, ортақ мәдениетіміз бен дәстүріміздің ұқсастығы сияқты көп дүниелер біріктіреді. Сонымен қатар Әзірбайжан мен Қазақстан – стратегиялық серіктестер», – деді Сагиба Гафарова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қабылдау #Ынтымақтастық #парламентаралық диалог
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жұмабаев көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 18:06

Алматыда Президенттік дене шынықтыру тестілеріне 1000-нан астам адам қатысты

Бүгін 18:04

Қазақстан Үкіметі мен IT-алпауыттары жасанды интеллект саласында $10 млрд-тық келісімдер пакетіне қол қойды

Бүгін 17:43

Алматыда әскери қызметшілерге құқықтық және әлеуметтік қолдау көрсету акциясы өтті

Бүгін 17:38

Алматы әкімі денсаулық сақтау саласын дамыту және құрылыс жобаларының орындалу барысын бақылауға алды

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);