AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Қазақстан полициясы күні: Ішкі істер министрі Ерла...

Қазақстан полициясы күні: Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ІІО қызметкерлері мен ардагерлерін құттықтады

Билік 23.06.2021, 11:27 1,595
Қазақстан полициясы күні: Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ІІО қызметкерлері мен ардагерлерін құттықтады
Сурет:Polisia.kz

Қазақстан полициясы күні: Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ІІО қызметкерлері мен ардагерлерін құттықтады


 Бүгін қазақстандық тәртіп сақшылары өздерінің кәсіби мерекелері – Полиция күнін атап өтуде, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz cайтындағы хабарға сілтеме жасап.


1992 жылы 23 маусымда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі “Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы” заңын қабылдады. Онда қазақстандық полицияның міндеттері мен функциялары айқындалды. 2007 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 23 маусым - Полиция күні болып бекітілді. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев еліміздің барлық полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.



“Құрметті ардагерлер, әріптестер! Баршаңызды Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіздік алғалы ішкі істер органдарының қызметкерлері елімізде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, азаматтардың құқықтарын сақтау жолында қызмет етуде. Мемлекет басшысы ішкі істер органдарының жұмысына ерекше көңіл бөліп отыр. Халықтың полицияға сенімін арттыру үшін, сервистік модельге көшу жалғасуда. Ведомстволық білім беру жүйесіне реформа жүргізілді. Қызметкерлердің әлеуметтік және материалдық жағдайы жақсарды. Жалақы көтеріліп, тұрғын үйге өтемақы алатын қызметкерлер саны өсті. Бұл полиция қызметкерлерінен жоғары жауапкершілікті және қызметтік міндеттерін адал атқаруды талап етеді. Төтенше жағдай мен карантин кезінде қызметкерлер тек өздерінің тікелей міндетін атқарып қана қоймай, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін дәрігерлермен бірге алдыңғы шепте жүрді. Елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бар күшін салған қызметкерлердің еңбегі жоғары бағаланды. Тәуелсіздік алғаннан бастап, 1,5 мың қызметкер мемлекеттік наградамен марапатталды.


Өкінішке орай, Тәуелсіздік жылдары қызметтік борышын орындау кезінде 802 қызметкер қаза тауып, 2650 адам жарақат алды. Біз антқа адал болған әріптестерді ешқашан ұмытпаймыз. Батырларымыздың рухына мәңгілік тағзым!


Ардагерлеріміздің де полицияның дамуына қосқан еңбегі ерекше. Жас қызметкерлерді тәрбиелеп, жаңа форматтағы полицияның бейнесін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін үлкен алғыс білдіремін. Құрметті ардагерлер және әріптестер! Бүгінгі кәсіби мереке күні сіздердің отбасыларыңызға зор денсаулық, бақыт пен байлық, Отанымыз – Қазақстан Республикасын өркендету жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін!” – деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев құттықтау сөзінде.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Алматы #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Король Филипп және Патшайым Матильда Ректорлар форумына қатысты

Бүгін 20:00

Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады

Бүгін 19:30

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысына қатысты

Бүгін 19:00

Биылғы 9 айда экономиканың өсімі 4,2%-ды құрады: Үкіметте әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды

Бүгін 17:45

Алматының кейбір аудандарында көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылуы мүмкін

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);