конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстан мен Қытай Премьер-Министрлерінің орынбас...

Қазақстан мен Қытай Премьер-Министрлерінің орынбасарлары телефон арқылы сөйлесті

Саясат 21.10.2021, 15:47 1,826
Қазақстан мен Қытай Премьер-Министрлерінің орынбасарлары телефон арқылы сөйлесті
Сурет: Egemen.kz

Телефонмен тілдесу барысында екі елдің тауар тасымалы талқыланды


Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалдау мәселелері Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов пен Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік Кеңесі Премьер-Министрінің орынбасары Хань Чжэнмен телефон арқылы сөйлесу кезінде талқыланды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz 


Әңгіме барысында қазақстандық тарап автомобиль және теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемінің азаюына байланысты шекарада үлкен көлемде жүктердің жиналып қалғанына алаңдаушылық білдірді.  


«Достық – Алашанькоу» шекара бекетінде Қазақстаннан Қытайға өтетін пойыздардың саны тәулігіне 16-дан 5-6-ға дейін төмендеді. Шекарада 7 мыңға жуық автокөліктің кезекте тұрып қалғаны алаңдаушылық туғызады. 


Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ә.Смайылов барлық жүк тиелген вагондарды Қытай тарапы қабылдауға дайын екені мақұлданғанын атап өтті. Ол сондай-ақ теміржол көлігі саласындағы халықаралық келісімдер аясында тасымалдау жоспарын мақұлдаған тарап жүкті өз аумағына қабылдауға міндетті екенін еске салды. 


Тараптар жақын арада санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, бірлескен күш-жігермен бұл мәселені шешу үшін барлық мүмкін шараларды қабылдауға уағдаласты. 


Сондай-ақ Қытай тарапы автокөлікпен, оның ішінде «Қалжат» өткізу бекетінде көлік қозғалысын қалпына келтіру арқылы жүк тасымалын ұлғайтуға дайын екендігін білдірді. 


Телефонмен сөйлесу соңында тараптар екі ел арасындағы Ынтымақтастық комитетінің отырысын өткізу мүмкіндігін талқылады. 


Естеріңізге сала кетейік, комитеттің 10-шы отырысы биыл Қазақстанда өтуі тиіс. Ол онлайн түрде өтеді деп жоспарланған.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#тауар #шекара #тасымал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);