AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Қазақстан Конституциясының преамбуласының редакция...

Қазақстан Конституциясының преамбуласының редакциясы толықтай жаңартылады

Билік 28.01.2026, 16:27 361 Сұлу
Қазақстан Конституциясының преамбуласының редакциясы толықтай жаңартылады
Ашық дереккөз

Конституциялық комиссияның кезекті отырысы басталды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Конституцияның Преамбуласын толық жаңартып, мемлекет пен діннің өзара ықпалдастығы нормаларын жетілдіру ұсынылады. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияға түзетулердың жиынтық жобасын таныстырған кезде мәлімдеді.

Оның айтуынша, Конституцияның Преамбуласын жаңа редакцияда толық өзгерту ұсынылып отыр, ол жаңа ұлттық құндылықтарды және қазіргі заманның талаптарын ескере отырып дайындалған.

Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, Преамбулада Конституцияны қабылдаудың негізгі мақсаттары, қағидаттары, құндылықтары және себептері бекітілген. Сондай-ақ, қоғамдық бағдарды анықтайтын мемлекеттің миссиясы, тарихи контекст пен мәдени ерекшеліктер көрініс табады. Жалпы алғанда, Преамбула қоғам мен мемлекеттің даму бағытын айқындайды.

"Жобада мемлекеттің мәртебесі анықталған – Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет, ал оның ең жоғары құндылықтары – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ретінде танылған", – деп атап өтті Бақыт Нұрмұханов


Жалпы, ол "Конституциялық құрылым негіздері" бөлімінде мемлекеттің ұйымдастырылуын, Қазақстанның егемендігін, аумақтық тұтастығын және басқа да маңызды қағидаттарды бекітетін негізгі ережелер көрсетілетінін атап өтті.
Сонымен қатар, билікті бөлу қағидаты туралы норма жаңаша тұжырымдалды және елдің қолданыстағы құқығы мәселелеріне арналған конституциялық ережелер нақтыланды.

Бақыт Нұрмұханов қазіргі замандағы мәселелерді ескере отырып, қоғамдық бірлестіктердің қызметін және олардың мемлекетпен өзара іс-қимылын реттейтін конституциялық ережелердің де нақтыланғанын атап өтті.

"Мемлекет пен діннің, мемлекеттік рәміздердің және басқалардың өзара іс-қимылын реттейтін ережелер жетілдіріліп жатыр", – деп атап өтті ол.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция #Конституцияның Преамбулас #конституциялық комиссия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Импорттың орнына өзіміздің көшеттер: Алматыда көгалдандырудың жаңа жүйесі қалыптасып келеді

Бүгін 18:46

Алматылық түлектер республикалық ағаш отырғызу акциясына қосылды

Бүгін 18:39

Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

Бүгін 18:34

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін 18:30

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 18:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика