ffin.kz

Қазақстан IMEX-2022 туристік көрмеге қатысуда

Қазақстан IMEX-2022 туристік көрмеге қатысуда Сурет: Qazaqtv.com

Майндағы Франкфурт қаласында IMEX іскерлік туризм саласындағы ірі жәрмеңкелердің біріне Қазақстан «Еуразия кіндігінде кездесіңіздер!» ұранымен қатысты.


Биыл көрмеде ірі туристік агенттіктердің, әуе компанияларының басшылары, жетекші қонақ үй иелері мен сарапшылар бас қосты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап. 


90-нан астам елден 3 мыңдай адам келді. Биыл еліміздің атынан жәрмеңкеге отандық туроператорлар, мейманхана бизнесінің өкілдері және ұйымдастырушылар қатысты. Олар жоғары деңгейдегі конгресстерді, көрмелер мен саммиттерді өткізуге дайын екендерін мәлімдеді.



"Мысалы, 2019 жылы Қазақстан 12 халықаралық іс-шара арқылы 6 миллион доллардан астам табыс тапты. Жақын арада осы көрсеткіштерге тағы жетеміз деп ойлаймын. Оған қоса елімізге келу оңай. Виза бойынша ғана емес, Еуропа, Азия елдері, басқа елдермен де әуе қатынасы орнатылған. Үшіншіден, бұл, әрине, инфрақұрылымның қолжетімділігі және оның бағасы мәселелері. Біздің сайттарды еуропалық қалалармен салыстырғанда қолжетімді бағамен бронь алуға болады", - деді «Kazakh Tourism» АҚ туристік өнімдер дамыту департаментінің бас менеджері Ғалымжан Сейілов.



Шетел сарапшыларының айтуынша, Қазақстан - іскерлік туризм тұрғысынан қолайлы ел. Биылғы жылы бірқатар шетелдік компаниялар елімізде өз іс-шараларын жоспарлап қойған. 



"Қазақстанда бизнес өкілдері үшін конференция өткізу жоспарымызда бар. Біз 40 елден 200-дей қонақ күтеміз. Бұл шараны Қазақстанда өткізуді шештік, өйткені сіздің елдеріңіз Еуропа мен Азия арасында тамаша орналасқан. Сондықтан әлемнің түкпір-түкпірінен компанияларды шақыру ыңғайлы. Айта кетейік, тек ЕуроОдақтан ғана емес, АҚШ-тан серіктестеріміз келеді. Іскерлік кездесулерден бөлек, Қазақстанның ең әдемі жерлерін аралауды көздеп отырмыз", - дейді атқарушы директор Йесус Джей Моран.



Франкфурттан бөлек Қазақстанның туристік әлеуеті биылғы жылы әлемнің өзге алаңдары – Токио, Варшава мен Лондонда таныстырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53