AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан халықаралық әуежайларда QR-қызметті енгі...

Қазақстан халықаралық әуежайларда QR-қызметті енгізді

Әлеумет 10.06.2025, 12:42 863 dulatbekova
Қазақстан халықаралық әуежайларда QR-қызметті енгізді
Сурет: Gov.kz

ҚР Туризм және спорт министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Премьер-Министрдің тапсырмасы аясында еліміздегі барлық халықаралық әуежайларда QR-код жүйесін енгізді.

Бұл туралы Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді.

QR-код шетелдік туристерге қажетнегізгі қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Атап айтқанда, электронды SIM-карта, ресми такси қызметтері, қонақ үйлерді онлайн брондау, шетел азаматтарын тіркеу тәртібі және өңірдегі басты туристік нысандар туралы ақпаратты қамтиды.

Жаңа жүйе туристерді алаяқтардан қорғауға, әсіресе такси, байланыс, валюта айырбастау және басқа да қызмет түрлерінде кездесетін келеңсіз жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Бұл бастама туристерге қаланы оңай аралауға және қажетті ақпаратты жедел алуғакөмектеседі.

Еске сала кетейік, 2024 жылы Қазақстанға 15,3 миллион шетелдік қонақ келген. Олардың 10,4 миллионы елде бір күннен көп уақыт өткізіп, шетелдік турист мәртебесіне ие болған. Сонымен қатар былтыр ел ішінде саяхаттаған отандық туристер саны 10,5 миллионға жетті. Бұл –Қазақстанда саяхаттауға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.

QR-код жүйесін енгізу – туристерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға және олардың еліміздегі сапарын барынша жайлы етуге бағытталған маңызды қадам.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #туризм #халықаралық әуежайлар #QR-код
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы автобус жүргізушілерін бақылауды күшейтпек

Бүгін 12:09

Алматы жаңа автобус бағыты мен LRT ашып, «ақылды» бағдаршам қойғалы жатыр

Бүгін 12:04

Жасанды интеллект мүмкіндік пе, қауіп пе?..

Бүгін 12:02

Алматыдағы жұлдызды кеш: Solana Fest әлемдік артистерді бір сахнада тоғыстырды

Бүгін 11:35

Алматы кітапханасында Ілия Жақановтың сазды әндері шырқалды

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);