Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына қаржы қайдан т...

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорына қаржы қайдан түседі?

Әлеумет 16.01.2024, 06:11 1,194
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорына қаржы қайдан түседі?
Сурет видеодан алынды
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының жұмыс бағыты басқарма шешімімен емес, үкіметтік емес сектор тарапынан айқындалған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қор басшысы Болат Жәмішев мәлімдеді.

Ол 2022 жылы қайырымдылық бойынша үлкен ұлттық конференция өткізілгенін еске салды. 40-тан астам ауқымды кездесу өтті, оған 1173 үкіметтік емес ұйым қатысты.


Қор қызметінің басым бағыттары денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, білім беру, мәдениет және спорт салаларында халыққа қайырымдылық көмек көрсету, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету болды. Қордың бағдарламалары елдің барлық 20 өңірінде ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларға баса назар аудара отырып іске асырылады.



«Қор өзінің қызмет ету мерзімінде 67 қайырымдылық бағдарлама мен жобалардың бастамашысы болды, оларды жалпы сомасы 177 млрд теңгеге іске асыру жоспарланған. «Қазақстан халқына» қоры иелік ететін қаржы ресурстарынсыз қайырымдылық жобаларына бастамашылық жасау және іске асыру мүмкін болмас еді. Қордың ресурстары қайырымдылық жарналары есебінен қалыптастырылды. Қазіргі уақытта қорға 196,6 млрд теңге түсті. Оның ішінде 2 жыл ішінде Қор жалпы сомасы 90,9 млрд теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті. Бүгінгі таңда шығындар 90,9 млрд теңгені құрады, бірақ біз бекіткен және іске асырумен айналысатын жобалардың барлығы 177 млрд теңгені құрады», - деді Б.Жәмішев.



Сондай-ақ ол 131 млрд теңгені 60 қазақстандық компания, 20 млрд теңгеден сәл астам соманы «Самұрық - Қазына» қоры аударғанын, ал 39 млрд теңге ірі донор-жеке тұлғалардан келіп түскенін хабарлады. Бұдан бөлек, халықтан да ақша аударымдары бар екенін атап өтті. Мысалы, бірнеше күн бұрын үш құрылыс компаниясынан балалар мен жастарға протез жасау жобасын іске асыруға 500 млн теңге түсті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #қайырымдылық #Жәмішов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бектенов «Семей орманы» резерватының жарақтандырылу деңгейін тексерді

Бүгін 17:00

Құтқаруға берілетін 96 сағат: кене шаққанда не істеу керек және Алматыда қайда жүгінуге болады?

Бүгін 16:23

Дина Исламбекова бокстан Азия чемпионатында алтын медальға ие болды

Бүгін 16:06

Алматыда өңірлік «Аналитика мектебіне» өтінім қабылдау басталды: қатысушылар қаланың болашағы үшін шешімдер әзірлейді

Бүгін 15:46

Қазақстанда мұғалімдерді аттестаттауға қатысты жаңа өзгерістер енгізілді

Бүгін 15:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика