Қазақстан гендерлік теңдік жолында: мемлекеттік қызметтегі басшылық лауазымдардың 39%-ын әйелдер атқарады

Қазақстан гендерлік теңдік жолында: мемлекеттік қызметтегі басшылық лауазымдардың 39%-ын әйелдер атқарады ivanovo.ac.ru

«Мемлекет гендерлік теңдікті сақтауға, әйелдер құқығын қорғауға және отбасы құндылықтарын нығайтуға әрдайым баса мән береді», – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының бастамасымен жетекші билік органдарында әйелдерге арнайы квоталар берілді. Нәтижесінде, Парламент пен мәслихаттардағы әйелдер үлесі артты, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Қазіргі кезде Парламентте 28 әйел депутат бар, бұл жалпы депутаттар санының 18,9%-ы. Мәслихаттарда әйелдердің үлесі – 22,7%-ға (3 415 депутаттың 774-і) жетті.

Мемлекеттің 21 министрлігінде, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және ақпарат министрліктерінде 3 әйел министр, 8 вице-министр, 3 аппарат басшысы бар. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынышты және есеп беретін 14 мемлекеттік органда 6 әйел басшылық қызмет атқарады. Ел бойынша судья әйелдердің жалпы саны – 1 248 адам (53%).

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 55,8%-ға (84 482 мемлекеттік қызметшінің 47 158-і – әйелдер) жетті. Басшылық лауазымдардағы әйелдердің жалпы үлесі – 39,1% (23 947 басшының 9 363-і).

Сонымен қатар, Үкімет әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға көп көңіл бөлуде. Шағын және орта бизнес иелерінің құрылымында әйел кәсіпкерлердің үлесі 48%-ға жетті.

Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мақсатында бірқатар бағдарламалар іске асып жатыр. Мәселен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры қызмет еткен кезең ішінде 4,1 млрд теңге көлемінде 105 мыңнан астам әйелдің жобасына қолдау көрсетті.

Бүгінде әйелдердің тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған арнайы бағдарламалар бар. «Отбасы банк» пен Азия даму банкі бірлесіп, «Ұмай» ипотекалық бағдарламасын іске қосты. Үш жыл ішінде бұл бағдарлама 3 660 қазақстандық әйелге баспана сатып алуға көмектесті. Жалпы несие көлемі – 41,2 млрд теңге. Сондай-ақ, асыраушысынан айырылған әйелдер де енді мемлекеттік тұрғын үй алу кезегіне жеке санат ретінде енгізілетін болады.

Өткен жылғы ең маңызды оқиғаларының бірі – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңның қабылдануы. Заңда қылмыстық жауапкершілік қатаңдатылып, отбасы институтын нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша бірқатар нормалар бекітілді.

Президент тапсырмасы бойынша, Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінде «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау» басқармасы құрылды. Әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстарды тергеу үшін арнайы әйел тергеушілер тағайындалды (республика бойынша тергеу-жедел топтарына 280 әйел тергеуші енгізілді).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:48

18:46

17:47

17:35

17:14

17:05

16:40

16:35

16:22

16:18

15:53

15:37

15:17

14:56

14:52

14:44

14:28

14:14

13:44

13:38

13:36

13:34

13:33

13:31

13:03