Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қазақстан драма театрларының XXX республикалық фес...

Қазақстан драма театрларының XXX республикалық фестивалі өтіп жатыр

Мәдениет 04.10.2024, 16:38 1,756
Қазақстан драма театрларының XXX республикалық фестивалі өтіп жатыр
Сурет: Gov.kz

Өскемен қаласында 1-5 қазан күндері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан драма театрларының XXX республикалық фестивалі өтіп жатыр.

Көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған фестивальдің ұйымдастырушысы — Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Фестивальдің негізгі мақсаты – Қазақстан театр өнерін дамыту, дарынды әртістер мен режиссерлерді анықтау және қолдау. Сонымен қатар, фестиваль Қазақстанда дәстүрлі театр өнерін сақтау, қазақ балалар әдебиетін дәріптеу, және Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылық мұрасын мәңгі есте сақтау сынды мақсаттарды көздейді.

1992 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан фестивальде әр жылдары түрлі өңірлерден театр ұжымдары балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдарын ұсынады. Биыл фестивальге 10 театр ұжымы қатысуда. Олардың қойылымдары Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрының сахнасында көрсетіледі.

Фестиваль жеңімпаздары «Үздік спектакль», «Үздік режиссерлік шешім», «Үздік сценографиялық шешім», «Үздік ер адам рөлі», «Үздік әйел рөлі» және басқа да номинациялар бойынша анықталады.

Фестиваль аясында берілетін басты марапаттардың бірі — «Бердібек Соқпақбаев атындағы арнайы сыйлық».

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 5 қазан күні өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#драма театрлар #республикалық фестиваль #өскемен
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы Наурызды рекордтармен, цифрлық киіз үйлермен және жаңа форматтағы қалалық кеңістіктермен атап өтті

Бүгін 16:30

Абай университеті – әлемдік элитада: педагогтар даярлау бойынша әлемнің топ-50 қатарына енді

Бүгін 16:27

Қазақстанда әкелер 18 млрд теңге алимент төлемей жүр

Бүгін 16:16

Қазақ қызы Бангкок төрінде бас жүлде жеңіп алды

Бүгін 15:22

Алматылық спортшылар үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды

Бүгін 15:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика