AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстан дәрігерлерін Жапониямен бірігіп дайындам...

Қазақстан дәрігерлерін Жапониямен бірігіп дайындамақ

Медицина 19.02.2024, 06:48 1,263
Қазақстан дәрігерлерін Жапониямен бірігіп дайындамақ
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Денсаулық сақтау министрлігінде Жапонияның Нагоя университетінің профессоры Эйко Ямамотомен кездесу болды.


Осы кездесуде екі елдің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл мәселе бойынша Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Нагоя университетінің профессоры Эйко Ямамотоға өз ұсынысын айтты. Ол министрліктің жас дәрігерлер мен денсаулық сақтау менеджерлерін дайындау ісінде жапон мамандарымен әріптестікті нығайтуға дайын екенін айтты.



«Біз Жапониямен және Күншығыс елінің Қазақстандағы елшілігімен бұрыннан келе жатқан достық қарым-қатынасты ескере отырып, сіздің тәжірибеңіз бен біліміңізді пайдаланғымыз келеді. Жас дәрігерлер мен денсаулық сақтау менеджерлерін даярлау ісінде әріптестіктің жаңа деңгейіне шығуға дайынбыз», – деді министр.



Профессор Эйко Ямамото денсаулық сақтаудың жас көшбасшылары бағдарламасының шеңберінде бір жылдық оқу бағдарламасы туралы айтты.



«Бұл бағдарлама Азия елдері министрлігінің қызметшілеріне, соның ішінде Қазақстанға арналған магистратура мамандығына арналған.  Ол 20 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Бағдарлама қоғамдық денсаулыққа бағытталған. Тек оқыту сегменті ғана емес, сонымен қатар Жапонияның денсаулық сақтау жүйесінің қалай жұмыс істейтінін және пәрменділігін көру үшін ауруханаларға, госпитальдарға, дәріханаларға және басқа да медициналық ұйымдарға бару сегменті де бар», – деді Ямамото.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Жапония #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);