AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан бойынша 600-ден астам сауда нысаны Repub...

Қазақстан бойынша 600-ден астам сауда нысаны Republic Day және Bereke Fest акцияларына қосылды

Әлеумет Бүгін 11:34 48
Қазақстан бойынша 600-ден астам сауда нысаны Republic Day және Bereke Fest акцияларына қосылды

Қазақстанда Республика күні қарсаңында Republic Day және Bereke Fest акцияларын қамтитын жалпыұлттық мерекелік жеңілдіктер науқаны басталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оған 17 қазаннан еліміз бойынша 649 сауда нысаны қосылды. Republic Day акциясы ірі сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда кешендерінде өтсе, Bereke Fest сауда желілерін қамтиды.

Тұтынушылар үшін азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларға арнайы бағалар қойылған. Мерекелік ұсыныстар 27 қазанға (қоса алғанда) дейін жалғасады. Тауарлардың жекелеген санаттарына 50%-ға дейін жеңілдік қарастырылған. Жалпы жеңілдік мөлшері тауар ассортименті мен акцияға қатысушы сауда ұйымдарының шарттарына байланысты.

Republic Day акциясы аясында 232 сауда-ойын-сауық орталығы мен сауда үйі жеңілдіктер ұсынады. Олардың қатарында Астанадағы MEGA Silk Way және «Хан Шатыр», Алматыдағы MEGA Alma-Ata, MEGA Park пен Forum Almaty, сондай-ақ Шымкенттегі Mega Planet пен Shymkent Plaza бар.

Bereke Fest акциясына бөлшек сауда желілерінің 417 дүкені қосылды. Олардың қатарында Magnum, SMALL, «Астықжан» және GraMad бар. Мерекелік ұсыныстар еліміздің басқа өңірлеріндегі сауда нысандарында да қолжетімді.

Бұл акциялар тұтынушылардың белсенділігін арттырып, ішкі сауданы дамытуға бағытталған. Сондай-ақ мерекелік науқан тауарларды төмендетілген бағамен сатып алу мүмкіндігімен қатар, сауда ұйымдарына келушілер санын мен сату көлемін арттыруға, ал отандық өндірушілерге бөлшек сауда желілеріндегі өнім үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жалпыұлттық науқанды Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ұйымдастырды. Акцияға қатысушы сауда нысандарының мекенжайлары көрсетілген толық тізімі әкімдіктердің ресми интернет-ресурстарында көрсетілген. Жеңілдіктер мөлшері, тауар ассортименті және сатып алу шарттары туралы ақпаратты сауда ұйымдары жариялайды.

Мерекелік акциялар 2026 жылғы 27 қазанда аяқталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#акция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов ICAO Бас хатшысы Хуан Карлос Саласармен азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады

Бүгін 12:15

Қазақстан десе ойға не келеді? Алматы тұрғындары мен қонақтарының жауабы

Бүгін 12:00

Экологиялық әдетті мектептен қалыптастыру: Алматы оқушылары қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды жинап, ағаш екті

Бүгін 11:36

Алматыда Ақсай-1А тұрғындарының жерлерін заңсыз сату ісі бойынша үкім шығарылды

Бүгін 10:42

Алматылық 2000 оқушы Республика күніне арналған жаңа әнді орындады

Бүгін 10:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);