Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан әуе кеңістігін кеңейтуде

Қазақстан әуе кеңістігін кеңейтуде

Әлеумет 12.04.2025, 11:12 574
Қазақстан әуе кеңістігін кеңейтуде
Cурет: Көлік министрлігі

Жаңа халықаралық бағыттар тізімі жарияланды

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасынан халықаралық әуе қатынасы 28 елмен аптасына 660 рейс жиілігімен 121 әуе бағыттары бойынша орындалады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті тұрақты негізде жаңа халықаралық әуе бағыттарын ашу жұмыстарын жүргізуде.

Осылайша, «SCAT» әуе компаниясы биыл Шымкент қаласының әуежайынан келесі жаңа халықаралық бағыттарды ашуды жоспарлап отыр:

  • 27 мамырдан бастап:

Шымкент – Будапешт (Венгрия), аптасына 2 рейс;

Шымкент – Мюнхен (Германия), аптасына 3 рейс;

  • 28 мамырдан бастап:

Шымкент – Сиань (Қытай), аптасына 2 рейс;

  • 29 мамырдан бастап:

Шымкент – Каир (Мысыр), аптасына 2 рейс;

Шымкент – Шанхай (Қытай), аптасына 2 рейс;

Шымкент – Сеул (Корея), аптасына 2 рейс;

  • 30 мамырдан бастап:

Шымкент – Үрімші (Қытай), аптасына 2 рейс.

 «Air Astana» әуе компаниясы да бірнеше жаңа халықаралық бағыттарды іске қосуды жоспарлауда:

  • 30 наурыздан бастап ашылған рейстер:

Алматы – Гуанчжоу (Қытай), аптасына 3 рейс;

Алматы – Нячанг (Вьетнам), аптасына 2 рейс;

  • 31 наурыздан бастап ашылған рейстер:

Астана – Нячанг (Вьетнам), аптасына 2 рейс;

  • Жоспарлануда:
  • 20 сәуірден бастап: Алматы – Мумбай (Үндістан), аптасына 3 рейс;
  • 14 мамырдан бастап: Астана – Дананг (Вьетнам), аптасына 2 рейс;
  • 27 мамырдан бастап: Атырау – Тбилиси (Грузия), аптасына 3 рейс;
  • 28 мамырдан бастап: Алматы – Ош (Қырғызстан), аптасына 4 рейс;
  • 31 мамырдан бастап: Атырау – Баку (Әзірбайжан), аптасына 3 рейс;
  • 1 маусымнан бастап: Алматы – Франкфурт (Германия), аптасына 3 рейс;
  • 4 маусымнан бастап: Алматы – Дананг (Вьетнам), аптасына 2 рейс.

 «Qazaq Air» әуе компаниясы биылғы жылы 1 мамырдан бастап Астана – Түркістан – Самарқанд жаңа халықаралық бағытын аптасына 2 рейс жиілігімен іске қосуды жоспарлануда.

«Fly Arystan» әуе компаниясы биылғы жылы келесі жаңа бағыттарды ашуды жоспарлап отыр:

  • 18 мамырдан бастап:

Алматы – Инин (Құлжа), аптасына 2 рейс;

  • 4 маусымнан бастап:

Қарағанды – Ыстанбұл (Түркия), аптасына 2 рейс.

Сондай-ақ, бірқатар шетелдік әуе компаниялар Қазақстан Республикасына жаңа рейстер ашуда:

  • «Eastar Jet» (Корея):

7 сәуірден бастап Сеул – Алматы бағыты ашылды, аптасына 2 рейс;

Биылғы жылдың көктем-жаз маусымында Пусан – Алматы бағыты ашылады, аптасына 2 рейс;

  • «TWay» (Корея):

Биылғы жылдың көктем-жаз маусымында Сеул – Астана бағыты, аптасына 2 рейс;

  • «Spice Jet»:

Биылғы жылдың көктем-жаз маусымында Дели – Алматы бағыты, аптасына 4 рейс;

  • «Air Cairo» (Мысыр):

3 сәуірден бастап Шарм-эль-Шейх – Қостанай бағыты ашылды, аптасына 1 рейс;

13 сәуірден бастап Хургада – Алматы бағыты, аптасына 2 рейс;

  • «Thai Air Asia X» (Таиланд):

2025-2026 жылдардағы күз-жаз маусымында Бангкок және Пхукет қалаларынан Алматыға бағыттар жоспарланған.

Жаңа әуе бағыттарының ашылуы жолаушылар үшін таңдау мүмкіндігін арттыруға, әуе тасымалы нарығындағы бәсекелестікті күшейтуге ықпал етеді. Бұл өз кезегінде тасымал бағасына оң әсер етіп, қызмет көрсету сапасының артуына мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Әуе рейстері #халықаралық бағыттар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика