Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Қазақстан әскерінде жаңа оқу жылы басталды

Қазақстан әскерінде жаңа оқу жылы басталды

Оқиға 04.12.2021, 09:15 1,169
Қазақстан әскерінде жаңа оқу жылы басталды
Cурет: Қорғаныс министрлігі

Әскерлердің жауынгерлік даярлығы еліміздің қорғаныс қабілетін одан әрі арттыруға бағытталады


Қазақстанның Қарулы Күштерінде 2022 жылға арналған міндеттер айқындалды. Жаңа оқу жылы Қазақстан әскерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай «Қарулы Күштердің 30 жылдығына – біздің ерен еңбегіміз!» ұранымен өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.


Әскери бөлімдер мен мекемелерде жаңа оқу жылы жауынгерлік даярлық сабақтарынан басталды. Әскер қатарына жаңа келген сарбаздар алғаш рет жауынгерлік дабыл үнін естіді. Жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы бойынша сабақтар хабарландыру жүйесінің сапасын, штабтар жұмысының үйлесімділігін, бөлімшелер мен бөлімдердің тұрақты орналасу пункттерінен шығу жеделдігін тексеруге бағытталған.



2022 оқу жылында Қарулы Күштерді даярлау әскери қызметшілердің барлық санаттарын: офицерлерді, сержанттар мен сарбаздарды қызметтеріне, олардың кәсіби өсуіне қарай міндеттерді орындауға, әскерлердің дайындығын арттыруға негізделген.


Сонымен қатар жедел, жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтарының негізгі күші әскери басқару органдарының жауынгерлік жұмысының үйлесімділік деңгейін арттыруға, штабтар арасындағы өзара қарым-қатынастарға, командирлерде бағынысты бөлімдерді басқаруда машықтануға және бөлімшелерді шынайы жауынгерлік жағдайға келтіруге жұмылдырылады.


Жауынгерлік даярлықтың жалпы 80 мыңнан астам шараларын өткізу жоспарлануда, атап өтсек оның ішінде оқу-жаттығу, іс жүзінде оқ ату, парашютпен секіру, жаттығу ұшулары, бөлімшелердің далалық жорықтары, кемелердің теңізге шығулары және жауынгерлік машиналарды жүргізу бар.


Әскерлердің жауынгерлік даярлық деңгейін арттыратын әскери, оның ішінде халықаралық оқу-жаттығуларды өткізу басты назарда. Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің, Әскери-теңіз күштерінің, арнайы мақсаттағы бөлімшелері Ұжымдық қауіпсіздікке шарт ұйымы аясындағы оқу-жаттығулар барысында өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтайды.



Алдағы жыл жоспарында Арнайы операциялар күштері құрамаларының кешенді тексеруі, екі кезеңді және екіжақты командалық-штабтық оқу-жаттығулар, «Айбар» жедел-стратегиялық арнайы оқу-жаттығуы, «Бекет» дағдарыстық жағдайларға ден қою жөніндегі кешенді оқу-жаттығуы, сондай-ақ Шығыс өңірінің басқару органдарымен және әскерлерімен жұмылдыру оқу-жаттығуын өткізу көзделген. Бір жыл ішінде меңгерген машықтарын әскерлер даярлықтың соңғы кезеңі «Айбалта-2022» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуында көрсетеді.


Қазақстандық әскери қызметшілер өздерінің кәсіби даярлық деңгейін әлемнің 40-тан астам елдің үздік әскери мамандары қатысатын Армия халықаралық ойындарда да дәлелдейді.


Келесі жылы жалпы әскери құрамалар мен Құрлық әскерлерінің бөлімдері «Мерген батальоны» сайысында жеңіске жету үшін бағын сынамақ. Жарыс бағдарламасына жауынгерлік машиналардың қаруынан, атыс қаруынан оқ ату жаттығуларын орындау және минаатқыш батареялары офицерлерінің кешенді атыс тапсырмаларын шешудегі дағдыларын бағалау кіреді.


Құрамалар мен бөлімдерді кенеттен тексеру тәжірибесі сақталады. Әскерлердің жауынгерлік атысты, оның ішінде түнгі жағдайларда атыс жүргізе отырып, тәжірибелік іс-қимылдарды пысықтау мақсатында қайта топтау және бейтаныс полигондарға жіберу мүмкіндіктері бағаланады.


Жауынгерлік даярлық ерекшеліктерінде қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесін ескеру арқылы әскерлер іс-қимылының жаңа тәсілдерін жетілдіру, мергендерді, ұшқышсыз ұшу аппараттары операторларын даярлауды жетілдіру, әскери қызметшілер мен бөлімшелердің атыс даярлығының элементі ретінде әскери тактикалық атысты одан әрі дамыту бар.


Әскерлердің қызметі күрестің негізгі бағыттарын, вирустың жаңа штамдарын және пандемияның одан әрі өршуінің орын алуы ықтимал ахуалды ескере отырып, COVID-19-ға қарсы іс-қимыл шараларын қарастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қорғаныс #әскер #дайындық #жаттығу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астрофизик: Айға қайта оралу – ғылым үшін жаңа кезең 

Бүгін 12:01

Астрономияны білсеңіз, астрологияға сенбейсіз – астрофизик пікірі

Бүгін 11:56

Қазақстанда ғалым қанша табыс табады?

Бүгін 11:52

2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды

Бүгін 11:44

Адамды адам етіп қалыптастыру: Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?

Бүгін 11:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика