Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Қазақстан армиясы «Ашық аспан-2022» оқу-жаттығуын...

Қазақстан армиясы «Ашық аспан-2022» оқу-жаттығуын бастады

Оқиға 28.09.2022, 03:35 1,037
Қазақстан армиясы «Ашық аспан-2022» оқу-жаттығуын бастады
Сурет: министрлік

Әуе қорғанысы күштерін басқарудың автоматтандырылған жүйесі пайдаланылады


Қазақстанда «Айбалта-2022» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы шеңберінде «Ашық аспан-2022» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Оқу-жаттығуға 40-тан астам майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиация, пилотсыз ұшу аппараттары, сондай-ақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің күштері мен құралдары жұмылдырылған. Іс-қимылдарға Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов басшылық етуде.



Мәлім етілгендей, жаттығулар еліміздің барлық өңірінде өтеді. Мақсат – қарсылас әуе шабуылы құралдарын қолданған кезде жеке құрамды практикалық іс-қимылдарға үйрету.



«Қазіргі таңда әскери-әуе күштері мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің басқару органдары, құрамалары мен бөлімдері жауынгерлік әзірлікке келтіріліп, оқу-жауынгерлік қимылдарды ұйымдастыру шараларын жүргізуде. Келесі кезеңдерде авиацияның практикалық ұшуларымен құрамалар мен бөлімдерді жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындау ұйымдастырылатын болады. Сондай-ақ Әуе қорғанысы күштерін басқарудың автоматтандырылған жүйесін пайдалана отырып, шартты әуе нысандарын ұстап, оларды жою жүзеге асырылады», - делінген министрлік хабарламасында.



Бұдан өзге, қазақстандық әскерилер ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел ден қою күштерінің «Іздестіру-2022», «Эшелон-2022» және «Өзара іс-қимыл-2022» оқу-жаттығуларына тартылатын болады. Оқу-жаттығулар 7 қазанға дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер #жаттығу #қорғаныс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ...

Бүгін 18:02

Доллар бағамы төмендеді

Бүгін 17:27

Зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген рас па?

Бүгін 17:18

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар ерте оянды

Бүгін 17:06

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика