AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстан әлем бойынша алтын сатып алу көлемі бойы...

Қазақстан әлем бойынша алтын сатып алу көлемі бойынша алдыңғы орынға шықты

Экономика 06.10.2025, 14:02 737
Қазақстан әлем бойынша алтын сатып алу көлемі бойынша алдыңғы орынға шықты
Сурет: Pics-xl / shutterstock.com

Қазақстан рекордтық бағамен алтын сатып алып жатыр, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

2025 жылғы тамыз айында Қазақстан әлем бойынша алтын сатып алу көлемі бойынша бірінші орынға шықты. Бұл туралы World Gold Council (Дүниежүзілік алтын кеңесі) өзінің жаңа есебінде хабарлады.

Ұлттық банк тек тамыз айының өзінде 8 тонна алтын сатып алып, бүкіл әлем бойынша орталық банктер сатып алған 15 тоннаның жартысынан көбін иеленді.

Сарапшылардың айтуынша, әлемде алтын бағасы рекордтық деңгейге жетіп жатқан шақта, көптеген мемлекеттер бағаның жоғары болуына байланысты алтын қорын ұлғайтуды тоқтатқан. Бірақ Қазақстан бұл қатарға қосылмады.

«Қазақстан Ұлттық банкі қатарынан алты ай бойы алтын сатып алып келеді. Қазір оның алтын қоры 316 тоннаға жетті. Бұл – 2024 жылдың соңымен салыстырғанда 32 тоннаға артық», – делінген кеңес есебінде.

2025 жылдың басынан бері алтын сатып алу көлемі бойынша Қазақстан екінші орында тұр — 15,65 тонна. Бірінші орында Польша, ол 18,66 тонна алтын сатып алған.

Экономистердің пікірінше, Ұлттық банктің мұндай қадамы — валюта резервтерін әртараптандыру және қаржы қауіпсіздігін нығайту мақсатындағы стратегиялық шешім. Алтын — әлемдегі ең сенімді активтердің бірі ретінде, құнсыздануға қарсы тұрақты қор ретінде қарастырылады.

  • 8 тонна — тамызда Қазақстан сатып алған алтын көлемі
  • 316 тонна — Ұлттық банктің жалпы алтын қоры
  • 15,65 тонна — 2025 жылы сатып алынған алтын

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #алтын #сатып алу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда өткен KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам келді

Кеше 18:52

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Кеше 18:28

Мемлекеттік басқаруда жаңа технологиялық мәдениетті қалыптастыру және цифрлық шешімдерді ауқымдау

Кеше 18:25

Шығармашылық индустрияны дамыту және ЖИ саласындағы кадрларды дайындау

Кеше 18:22

Жаппай цифрландыру және ЖИ енгізу елді кешенді жаңғыртудың негізгі факторларының бірі болып табылады

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика