Қазақстан әйелдер құрамасы Шахмат Олимпиадасының алтыншы турынан кейін 6-орынға көтерілді

Қазақстан әйелдер құрамасы Шахмат Олимпиадасының алтыншы турынан кейін 6-орынға көтерілді cov.kz

Будапеште өтіп жатқан Шахмат Олимпиадасында әлемнің ең үздік командасы атану үшін шахмат бәсекелері жалғасуда. Алтыншы турдың нәтижесі бойынша Қазақстанның әйелдер құрамасы 12-орыннан 6-орынға көтерілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Ерлер құрамасы әзірге қыздардың жетістігіне жете алмай келеді. Олар 39-орыннан 35-орынға көтерілді.

Қазіргі уақытта шахмат олимпиадасында көшбасшы ретінде Үндістанның әйелдер және ерлер құрамалары алты матч бойынша жеңімпаз ретінде ерекшеленіп отыр. Вьетнам, Қытай және Иран командаларының 5 жеңісі және 1 тең ойыны бар.

18 қыркүйекте өтетін 7-турда Қазақстан командалары Әзербайжан құрамасымен кездеседі.

45-ші шахмат олимпиадасы 11-22 қыркүйек аралығында Будапеште өтіп жатыр. Турнир швейцариялық жүйе бойынша 11 турдан тұрады, әр матч 4 партиядан құралған және классикалық уақыт бақылауы қолданылады. Ашық турнирге 197 команда қатысуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21