AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан 87 елмен визасыз режим орнатқан

Қазақстан 87 елмен визасыз режим орнатқан

Әлеумет 10.06.2025, 14:18 785 dulatbekova
Қазақстан 87 елмен визасыз режим орнатқан
Сурет: Gov.kz

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында туристердің елімізде жайлы және қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету мәселесі қаралды.

Үкімет отырысы барысында ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов еліміздің туристік саласы жыл сайын дамып, әлеуетін арттырып келе жатқанын баяндады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Cала министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы отандық туристер саны 10,5 млн; шетелдік келушілер – 15,3 млн теңгені құрады. Бүгінгі таңда 87 мемлекет үшін визасыз режим қарастырылған, 107 шет мемлекет азаматтары электронды түрде виза рәсімдеу мүмкіндігіне ие.

«Мемлекет басшысы туризм индустриясы экономикалық өсімнің маңызды драйвері екенін бірнеше рет атап өтті. Біз Қазақстанның шетелдік туристерге достық пейілі бар, емін-еркін демалуға қолайлы ел ретінде тартымдылығын арттыру үшін қажетті жағдай жасауымыз керек. Бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылуда. Халықаралық әуе қатынастарының, теміржол және автокөлік бағыттарының географиясы кеңейтілуде. Шетелдік азаматтар үшін көші-қон рәсімдерін жеңілдету қолға алынды. Келген қонақтардың емін-еркін әрі қауіпсіз демалысына ерекше көңіл бөлініп отыр. Мысалы, Алматы, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарында көршілес елдерден келген туристерді қабылдау жұмыстары жүргізілді. Бұл тәжірибені кеңінен тарату қажет.
Туристік өнімдерді нақты туристік топтардың, әсіресе шекаралас өңірлердегі туристерге бейімдеген жөн», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#туризм #Қазақстан #туристер жағдайы #қауіпсіздік #демалыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Бүгін 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Бүгін 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Бүгін 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Бүгін 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);