Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақ ұлыған итті неге жаман көреді және ит ұлыса...

Қазақ ұлыған итті неге жаман көреді және ит ұлыса не істеу керек?

Әлеумет 22.11.2023, 04:56 3,018
Қазақ ұлыған итті неге жаман көреді және ит ұлыса не істеу керек?
Сурет: ашық дереккөз

Бала кезіңізде "ит ұлыса, жаман ырым" деген тіркесті естіген боларсыз. Бірақ көпшілік оған неліктен жағымсыз көзқарастың қалыптасқанын білмейді.


Massaget.kz тілшісіне этнограф Болат Бопайұлы халқымыз ұлыған итті неге жақтырмайтынын және ит ұлыса не істеуге болатынын айтып берді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Негізінен жұрт иттің ұлуының бірнеше себебін бөледі. Мәселен, аштық, тоңу, арыру, жалғыздық, тіпті жын-шайтанды көргенде де ұлиды деген сенім бар екен.


Бұл сенімге сахаба Жәбир ибн Абдилладан (р.а.) жеткен бір хадисте ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Егер, түнде иттің үргенін және есектің ақырғанын еститін болсаңдар, Алладан пана тілеңдер («Әғузу билләһи минаш шайтанир ражим» деп айтыңдар). Шынында олар сендер көрмейтін нәрсені көреді» делінгені негіз.


Қазақ ұлыған итті неге жаман көреді?


Этнографтың айтуынша, қазақ ұлыған ит иесіне өлім тілеп жатыр деп, оны жаман көріп, сенген көрінеді. 



"Иттің ұлуының екі түрі бар. Біріншісі, көкке қарап ұлиды. Онда ол иесіне бақып тілеп жатыр деп ырымдап, иттің итаяғына ас құйып береді. Екіншісі, басын жерге салбыратып ұлиды. Қазақ оны жаман ырымға балаған. Ит иесіне өлім тілеп жатыр деп, оны өлтірген", - дейді Болат Бопайұлы. 



Ит ұлыса не істеу керек?


Егер үйдегі итіңіз ұлып бастаса, ең алдымен оның себебін анықтап алған жөн. Жоғары да айтқанымыздай ит ауырып немесе басқа да себепке байланысты ұлуы мүмкін. Мысалы, ит ауырғаннан ұлып жүрсе, оның тәбеті төмендеп, тек қана ұлып жата береді. Сонымен қатар, жанауар ұзақ уақыт бойы байлаулы не қамауда тұрып, жалғыздық сезінсе, ұлиды. 


Болат Бопайұлы мәселені шешудің басқа жолын бөлісті.



"Итті жат елге беру керек", - дейді ол.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ит #Ырым #салт-дәстүр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында Алматыда ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:31

Сенбілік барысында Eco Almaty қызметкерлері 25 текше метрден астам қоқыс шығарды

Бүгін 15:02

Бизнес таза қала үшін: Алматыда «Алатау» АЭА АТТ қатысушылары сенбілікке шықты

Бүгін 14:59

Қылмыс деңгейі 9%-ға төмендеді

Бүгін 14:52

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды

Бүгін 14:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика