AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақ футболшыларының киім үлгілері өзгереді

Қазақ футболшыларының киім үлгілері өзгереді

Спорт 19.09.2022, 04:06 1,497
Қазақ футболшыларының киім үлгілері өзгереді
Сурет: Elorda.info

Келісім бойынша киім үлгілері ұлттық өрнегі бар жеке дизайнда жасалмақ.


Қазақстан футбол федерациясы мен УЕФА құрама командалар үшін жаңа футбол экипировкасын дайындау жөнінде келісімге қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Сонымен қатар келісімнің басты артықшылығы – жанкүйерлерге арналған экипировкалардың қолжетімді болуы. Әр жанкүйер фан-шоптардан ұлттық құраманың эксклюзивті киім үлгілерін, сондай-ақ ерекше дизайнда дайындалған тауарларды сатып алу мүмкіндігіне ие болады.


Ұлттық құрамаға арналған жаңа футбол жейделері италиялық «Errea Sport» компаниясымен бірге әзірленеді. Барлық экипировка «100 OEKO-TEX» стандарты бойынша сертификациядан өтеді. Бұл стандарт денсаулыққа зиян заттарға қатаң шектеу қояды.


Ойын формасы үш жиынтықтан тұрады: үй формасы, қонақ формасы және резерв.


Экипировканың дизайн жұмыстарына қазақстандық дизайнерлер және Errea мамандары қатысады.


Келісімге қол қою үшін УЕФА президентінің ұлттық қауымдастықтар бойынша кеңесшісі Йозеф Климент Қазақстан астанасына арнайы келді. Ол ФИФА-ның еуропалық қауымдастықтар бойынша директоры Эльхан Мамадовпен бірге 19 қыркүйек күні өтетін Қазақстан футбол федерациясының Конференциясының мәртебелі қонағы болмақ.



«Қазақстан футбол федерациясына УЕФА және оның серіктестіктеріне ынтымақтастықты қолдап, Kit Assiatance Scheme бағдарламасына қосылғаны үшін алғысымызды айтамыз. Бұл шешім қазақстандық футболдың имиджін арттыра түседі деп сенемін. Қазақ халқының ерекшелігін білдіретін жеке дизайн дайындауға және жеке фан-шоп іске қосуға мүмкіндік бар. УЕФА бұл шешімді жан-жақты қолдауға дайын», - деп атап өтті УЕФА президентінің ұлттық қауымдастықтар бойынша кеңесшісі Йозеф Климент.


«Конференция қарсаңында ФИФА және УЕФА-дан келген әріптестерімізбен бірқатар кездесу ұйымдастырылды. Бүгін біз УЕФА-ның кезекті бағдарламасының қатысушысы болдық. Бағдарлама Қазақстан құрамасының имиджін арттырады деп сенемін. Қолдау көрсеткен әріптестерімізге алғыс айтамын», - деп атап өтті Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Олжас Абраев.



Айта кетейік, ұлттық құрамалар 2023 жылғы маусымнан бастап жаңа формамен ойнай бастайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ фуболшылары #Дизайн #Киім үлгісі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:09

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Кеше 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Кеше 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Кеше 20:03

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйледі

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);