Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақ боксшысы 2023 жылғы Азия чемпионатында алтын...

Қазақ боксшысы 2023 жылғы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Спорт 26.01.2023, 08:44 1,580
Қазақ боксшысы 2023 жылғы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Сурет: Inform.kz

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Бангкокта өтіп жатқан 2023 жылғы 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында қорытынды жекпе-жегін өткізді.


48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде «алтын» үшін болған айқаста Санжар Тәшкенбай Өзбекстан өкілі Шодиержон Меликузиевпен қолғап түйістірді. Төрешілердің шешімі бойынша, Қазақстан боксшысы жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ол 2023 жылғы 22 жасқа дейін спортшылар арасындағы Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алса, Шодиержон Меликузиев күмісті қанағат тұтты.


Санжар Тәшкенбай ересектер арасында 2022 жылғы Азия чемпионы және 2021 жылы жастар арасында әлем чемпионы атанған.


Бүгін Қазақстанның тағы бес боксшысы финалда өнер көрсетеді, олар: Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Абзал Серік (67 кг), Сабыржан Аққалықов (71 кг) және Диас Молжігітов (75 кг).


Бұған дейін, қазақстандық боксшы Диас Молжігітов Қытай өкілі Аиликути Кахаерді жеңіп, 2023 жылғы 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының финалына шыққаны хабарланған болатын. Сондай-ақ Өзбекстан өкілі Азиза Зокировадан басым түскен Жасмин Қизатова турнирдегі алғашқы «алтынды» жеңіп алды. Екінші «алтынды» Гүлсая Ержан иеленді. Бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасы бұл чемпионатта жалпы саны 9 медальды қоржынға салды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Боксшы #алтын жүлде #жеңіс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда әкелер 18 млрд теңге алимент төлемей жүр

Бүгін 16:16

Қазақ қызы Бангкок төрінде бас жүлде жеңіп алды

Бүгін 15:22

Алматылық спортшылар үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды

Бүгін 15:17

Алматыда Жароков көшесінің бір бөлігінде жол жабынын қалпына келтіру жұмыстары басталады

Бүгін 15:15

Алматыда 380 мың шаршы метрден астам аумаққа гүл егіледі

Бүгін 15:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика