AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақ боксшылардың IBF рейтингіндегі орындары айқы...

Қазақ боксшылардың IBF рейтингіндегі орындары айқындалды

Спорт 14.10.2021, 04:05 1,456
Қазақ боксшылардың IBF рейтингіндегі орындары айқындалды
Сурет: Рrosports.kz

Біздің былғары қолғап шеберлерінің жаңа белесі айшықталды


Халықаралық бокс федерациясының (IBF) жаңартылған рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Рrosports.kz-ке сілтеме жасап.


Назарларыңызға қазақстандық боксшылардың позицияларын ұсынамыз:


Екінші орта салмақ бойынша Айдос Ербосынұлы төртінші орында қалды, ол ресейлік Евгений Шведенкодан бір жол төмен орналасқан. Рейтингінің алғашқы екі позициясы бос. IBF әлем чемпионы – АҚШ боксшысы Калеб Плант.⠀


Орта салмақтағы қазақстандықтардың рейтингі өзгермеді: Жәнібек Әлімханұлы – тоғызыншы, Мейірім Нұрсұлтанов – оныншы, ал Қанат Ислам 13-орында қалды. Әлем чемпионы титулы Геннадий Головкинге тиесілі, мұнда да алдыңғы екі позиция – бос, ал үшінші орында – Патрик Войцицки.


Жартылай орта салмақта Данияр Елеусінов бұрынғыша 14-орында қалды. Үздік үштік келесідей: Кудратилло Абдукахоров (Өзбекстан), Шон Портер мен Джарон Эннис (екеуі де – АҚШ).


Бірінші жартылай орта салмақта Батыр Жүкембаев та өзінің позициясын өзгертпеді – бұрынғыша 13-орында тұр.


Аталаған рейтингіде аргентиналық Йеремиас Понсе көш бастаған. Одан кейін пуэрто-риколық боксшы Сабриэль Матиас пен аустралиялық Лиам Паро орналасқан. Осы салмақтағы IBF әлем чемпионы белдігін британдық Джош Тэйлор иеленген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ #Боксшы #рейтин #орын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);