Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақ әдебиетін оқыту бағдарламасына өзгеріс енгіз...

Қазақ әдебиетін оқыту бағдарламасына өзгеріс енгізіледі

Білім және ғылым 27.10.2021, 09:54 1,462
Қазақ әдебиетін оқыту бағдарламасына өзгеріс енгізіледі
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

«Әлем әдебиеті» енді жеке оқытылады


Орта білім беру деңгейіндегі «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» және қазақ тілінен басқа тілде оқытатын сыныптарға арналған оқу бағдарламаларына тиісті өзгерістер енгізілетін болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл туралы Орталық комуникациялар қызметінде «Ұлттық рухани жаңғыру» Ұлттық жобасы: негізгі бағыттар» тақырыбында өткен брифинг барысында ҚР БҒМ Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба мәлімдеді.



«Ұлттық жоба Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірленіп, қазақстандық қоғамның мәдениет, ағарту және ұлттық рух деңгейін арттыруға бағытталған. Негізгі міндет мемлекеттік тілді дамыту үшін жағдай жасау болып табылады. Бұл міндетті орындау үшін нақты іс-шаралар белгіленді. Осы уақытқа дейін «Қазақ әдебиеті» пәні мазмұнында «Әлем әдебиеті» үлгілері қоса оқытылып келсе, енді «Әлем әдебиеті» жеке оқытылады. «Қазақ әдебиеті» мазмұны тек төл шығармаларды қамтиды. Қазақ тілін оқыту әдістемесі жетілдіріліп, қазақ тілі мұғалімдерінің біліктілігі арттырылады. Сонымен қатар қазақ тілінде оқулықтар әзірлеу, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дебаттық турнирлер өткізу, мемлекеттік тілде ІТ өнімдер әзірлеу, енгізу және шығару, YouTube видеохостингінде қазақ тіліндегі танымал анимациялық фильмдерді дубляждау және орналастыру жұмыстары жүргізіледі», - деді ҚР БҒМ Тіл саясаты комитетінің төрағасы.



Сонымен қатар қазақ тіліндегі оқулықтармен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын, жоғары оқу орындарын қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды. Мәселен «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын іске асыру аясында 2025 жылға дейін қазақ тілінде колледждерге арналған 700-ден астам оқулық әзірлеу жоспарланған.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ әдебиеті #оқулық #пән #өзгеріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кунг-фу панда бейнесі: Джеки Чан Шайдоровтың өнеріне сүйсінді

Бүгін 14:35

Танымал жеміс ішек қорғанысын күшейтеді: ғалымдар құрманың жаңа қасиетін анықтады

Бүгін 14:24

Алматыда Halyk Arena заманауи сәулеттік жарықпен жаңарды

Бүгін 12:59

Айгүл Сәдуақасова: Халық кеңесі өңірлік мүдделерді нығайтуда маңызды рөл атқарады

Бүгін 12:54

Алматыда Senat open республикалық шахмат турнирінің іріктеу кезеңі өтті

Бүгін 12:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі