AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қауіпсіздік жүйелері полицияға қосылған қала мекте...

Қауіпсіздік жүйелері полицияға қосылған қала мектептерінің «дабыл батырмалары» тексерілуде

Заң мен тəртіп 25.11.2021, 05:34 1,128
Қауіпсіздік жүйелері полицияға қосылған қала мектептерінің «дабыл батырмалары» тексерілуде
Сурет: Arze.ru

Алматы полицейлері мектептерді бақылауда


Алматы полицейлері мектептерді бақылап, “дабыл батырмаларының” тиімділігін тексеруде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Бұрын хабарланғандай, Алматы қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің қауіпсіздік жүйелері полицияға қосылған.



«Ресей Федерациясының Қазан және Пермь қалаларында болған қайғылы оқиғаларды барлығы біледі. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру мекемелерінде алдын алу шаралары күшейтілді. Бүгінгі таңда қаладағы барлық 207 мектепте 4 414 бейнебақылау камерасы орнатылды, оның 2 620-сы Жедел басқару орталығына қосылған. Қалғандары жақын арада қосылатын болады. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарын тексеру, қаланың барлық мектептерінде күзет агенттігі мен ЖБО-на сигнал беретін дабыл түймелері орнатылғанын және жұмыс істеп тұрғанын көрсетті», – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.



Сондай-ақ, білім беру мекемелері дабыл құрылғыларымен жабдықталған, оларда дауыс зорайтқыш байланыс жүйесі де бар, білім беру ұйымдарының әкімшілік ғимараттарына кіруді бақылау және басқару үшін қондырғылар орнатылған. Сонымен қатар, 150 мектепке дейінгі білім беру мекемесі бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.



«Қазіргі уақытта Алматы қаласы ПД басшылығының тапсырмасы бойынша білім беру ұйымдарының қауіпсіздік жүйелеріне кешенді тексеру жүргізілуде. Біздің бөлімше қызметкерлері “дабыл батырмаларының” жұмыс істеу қабілетін және олардың іске қосылуына департаменттің Жедел басқару орталығы, сондай-ақ, күзет агенттігінің тобы қалай әрекет ететінін тексереді», – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дабыл батырмалары #мектептер #қауіпсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Бүгін 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Бүгін 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Бүгін 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Бүгін 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Бүгін 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);