Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қатерлі де, қатерсіз де ісіктерді үгіп, уқалап, қы...

Қатерлі де, қатерсіз де ісіктерді үгіп, уқалап, қыздыруға болмайды 

Медицина 04.02.2024, 06:42 1,242
Қатерлі де, қатерсіз де ісіктерді үгіп, уқалап, қыздыруға болмайды 
Almaty-akshamy.kz

Онкология – гректің «қатерлі ісік және ілім» деген ұғымын білдіреді.


Обыр жасушасы тез өсіп, белгілі бір уақытта қан және лимфа тамырлары арқылы ағзаның мүшелеріне тарайды немесе балалайды. Егер дер кезінде скринингтік зерттеулер жүргізілсе, онкологиялық аурулардың басым бөлігін ерте анықтауға болады. Обырды дер кезінде анықтау ем-домның нәтижелі болуына, пациенттердің өмірін ұзартуға, өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Мысалы, сүт безі обырын бастапқы кезеңде анықтаған жағдайда науқастардың 94 пайызын толық емдеп жазуға болады дейді мамандар.


Қатерлі ісіктің қайдан пайда болатынын дөп басып айту қиын. Өкінішке қарай, адамға бірден білінбейді. Тек ісік өскен кезде, жан-жағындағы үлкен жүйке талшықтарын, тамырларын немесе асқазан, тік ішек, т.б. секілді ағза мүшелерінің саңылауын жапқан кезде ғана байқалады.


Қатерлі ісіктің пайда болу ошақтарының бірі – созылмалы аурулар. Сондықтан созылмалы ауруларды уақытылы емдеткен дұрыс дейді дәрігерлер.


Кейінгі кездері пациенттерден сүт безі обыры мен өкпе обыры жиі анықталып жатқан көрінеді. Қатерлі ісіктерді ерте сатыда анықтауға скринингтің көп көмегі тиетінін білу маңызды. Онкологиялық аурулар көбіне ылғалдылығы басым үйлердің тұрғындарынан анықталып жатыр дейді мамандар. 


– Тұрғындарға айтарымыз, жергілікті емханадан скринигтен өту туралы хабарлама келсе, бас тартпау керек. Бізде қазір диагностикадан өтуге құлықсыз пациенттер кездеседі. Сол үшін науқасы асқынған адам саны артып келеді. Ауруды бірінші, екінші сатыда анықтасақ, емдеу жеңілдейді. Одан кейінгі сатыларда ресурстар көп кеткеннен бөлек, ауру асқынуы мүмкін. Сондай-ақ, пациенттер онкоскринингтен МӘМС шеңберінде тегін өту үшін тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаларға қаралса болады, – дейді №8 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Зура Садирова.


Ал №8 қалалық емхананың онколог-дәрігері Гүлнұр Башарова қатерлі де, қатерсіз де ісіктерді үгіп, уқалап, қыздыруға мүлдем болмайды дейді.


– Кейбір азаматтар онкология диспансеріне жіберген кезде қорқып, үш-төрт ай немесе бір-екі жылға дейін бармай, аты жаман ауруды өздері өршітіп алады. Бірнеше жыл жүріп қалғасын қатерлі ісікті тоқтату қиын, ары қарай өсе береді. Басқа бір факторлар әсер ететін болса, тіпті қиын. Кейбір науқастар ісікті қыздырады немесе массаж жасайды. Қатерлі де, қатерсіз де ісіктерді олай үгіп, уқалап (массаж жасап), басқа нәрселермен қыздыруға мүлдем болмайды. Ондайда қатерлі ісік өрши береді. Өршіген сайын жасалған емнің де тиімділігі төмендей береді. Науқастар дәрігерге обырдың жаңа басталып келе жатқан сатысында келетін болса, тағайындалған емнің тиімділігі, нәтижесі жоғары болады. Ауырмаңыздар!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#обыр #дәрігер #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Бүгін 20:28

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Бүгін 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика