AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қатар-2022: Португалия плей-офф кезеңіне шықты

Қатар-2022: Португалия плей-офф кезеңіне шықты

Спорт 29.11.2022, 03:53 1,487 Almaty-akshamy
Қатар-2022: Португалия плей-офф кезеңіне шықты
Сурет: Ашық дереккөз

H тобында Португалия мен Уругвай командалары күш сынасты


Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында H тобында Португалия мен Уругвай командалары күш сынасты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Бұл топта бірінші турда португалиялықтар тартысты матчта Гананы 3:2 есебімен ұтса, Уругвай Оңтүстік Кореямен тең ойнаған еді.


Екінші турда Гана оңтүстіккореялықтарды 3:2 есебімен тізе бүктіріп, Португалияны қуып жетті. Дегенмен португалиялықтар Уругайды жеңсе, плей-офқа шығатын еді.


Осыдан төрт жыл бұрын Ресейде өткен чемпионатта 1/8 финалда қос команда кездесіп, уругвайлықтар 2:1 есебімен ұтып кеткен болатын. Сонда Эдинсон Кавани қос голдың авторы атанса, Португалиядан Пепе мергендігімен көзге түскен еді. Сол ойында Криштиану Роналду гол соға алмай, қапы кеткен-ді.


Бұл жолы бірінші таймда бастапқыда португалиялықтар допқа көбірек иелік еткенімен, ештеңе тындыра алмады. Есесіне 32-минутта уругвайлық Родриго Бентанкур қос қорғаушының ортасынан сытылып шығып, қақпашы Диогу Коштамен бетпе-бет келді. Тек ерте ұмтылып үлгерген Д.Кошта командасын голдан аман алып қалды.


Екінші кезеңде 54-минутта сол қапталдан Бруну Фернандештің Криштиану Роналдуға қарай асырған добы қақпадан бір шықты – 1:0.


Бұдан кейін уругвайлықтар таразы басын теңестіру үшін барын салды. Шабуылшылар Луис Суарес пен Макси Гомес алаңға тыңнан қосылды. Сол бойда 75-минутта Факундо Пельистриден пас алған М.Гомес қақырата соққан доп қақпа жақтауынан кері қайтты.


Матчтың аяқталуына санаулы минуттар қалғанда, Бруну Фернандеш алға ұмтылғанда, уругвайлық қорғаушы Хосе Мария Хименес қолмен ойнады. 93-минутта Б.Фернандеш 11 метрлік пенальтиден мүлт кеткен жоқ – 2:0. Бұдан соң да португалиялықтардың есепті ұлғайтындай мүмкіндіктері болды.


Осылайша, H тобында Уругвайды 2:0 есебімен тізе бүктірген Португалия алты ұпай жинап, 1/8 финалға жолдама алды. Ганада үш, Уругвай мен Оңтүстік Кореяда бір-бірден ұпай бар. 2 желтоқсан күні Гана – Уругвай, Оңтүстік Корея – Португалия құрамалары өзара кездеседі.


Бұған дейін Франция мен Бразилия құрамалары мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне шыққан еді.


Сонымен, Қатардағы дүниежүзілік додада екінші тур ойындары мәресіне жетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#футбол #Катар-2022 #Португалия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Бүгін 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Бүгін 18:42

Алматының ажары

Бүгін 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);