AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұстаз болу нағыз білікті, дар...

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұстаз болу нағыз білікті, дарынды, шебер маманның ғана қолынан келеді

Әлеумет 01.10.2025, 16:04 693 Bakyt
Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұстаз болу нағыз білікті, дарынды, шебер маманның ғана қолынан келеді
akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаз болу нағыз білікті, дарынды, шебер маманның ғана қолынан келетінін айтты. Президент мұғалімнің еңбегі соған сай лайықты бағалануға тиіс екеніне тоқталды.

– Қазір білім нарығында бәсеке күшейді, көптеген жастарымыз ұстаз болуға ұмтылып жатыр. Әсіресе, мектепті «Алтын белгімен» бітірген түлектердің арасында мұғалімдік жолын таңдағандар көп. Бұл – өте жақсы үрдіс. Мемлекет мұндай азаматтарды әрдайым қолдайды. Биыл мұғалімдер даярлау үшін 13 мыңнан астам грант бөлінді. Бұл – еліміздегі барлық гранттың бестен біріне жуығы деген сөз. Жалпы, білім беру саласында жүйелі жұмыс істеліп жатыр, нәтижесі де жақсы деп айтуға болады. Мысалы, былтырдан бері мыңнан астам оқушы түрлі пәннен халықаралық білім сайысында жеңімпаз атанды. Бұл – ұстаздардың белсенді жұмысының жемісі, дарынды жастарымыздың табанды еңбегінің нәтижесі. Мен тамыз айында олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Ақордаға шақырып, оларға арнайы сертификаттар табыстадым. Бұл дәстүр жалғасын табады, – деді Президент.

Мемлекет басшысы ел жастарына зор үміт артып, өскелең ұрпақтың ертеңіне үлкен сеніммен қарайтынын жеткізді.

– Қазіргідей құбылмалы заманда сапалы біліммен қатар, саналы тәрбиенің маңызы ерекше. Біз осы мәселеге баса назар аударуымыз керек. Бұл іске мемлекет те, мектеп те, отбасы да бірдей атсалысуы қажет. Биылдан бастап барлық мектептің оқыту үдерісіне «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізіліп жатыр. Басты мақсат – жас ұрпақтың санасына жалпыұлттық құндылықтарды сіңіру, оларды отаншыл рухта тәрбиелеу. Қазіргі таңда бүкіл халық «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыруға қомақты үлес қосып, осы маңызды жұмысқа белсенді түрде атсалысуда. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысы – жай науқан емес, бұл – мән-мағынасы терең, еліміздің болашағына тікелей қатысы бар жұмыс. Сондықтан мен барлық мұғалімдер қауымына осы бастамаға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын. Мұның бәрі, түптеп келгенде, ұлт сапасының мықты болуына әсер етеді. Жалпы, алда әлі де көп жұмыс бар. Мен Тамыз конференциясында білім беру ісіне қатысты бірқатар өзекті мәселеге арнайы тоқталдым. Үкіметке нақты тапсырмалар бердім. Оқу-ағарту министрлігі барлық жұмысты уақтылы әрі сапалы орындауы керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Ұстаз #маман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы жұлдызды кеш: Solana Fest әлемдік артистерді бір сахнада тоғыстырды

Бүгін 11:35

Алматы кітапханасында Ілия Жақановтың сазды әндері шырқалды

Бүгін 11:19

Алматыда автобус жолақтары мен веложолдар желісі кеңейтіліп, бірқатар көшеде біржақты қозғалыс енгізіледі

Бүгін 11:11

Алматыда «BIR TOLQYNDA» жобасы аясында жастармен ашық диалог өтті

Бүгін 11:09

Алматы әкімдігі Горький атындағы орталық саябақтағы 5 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарады

Бүгін 11:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);