конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Әділет және даму пар...

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасарын қабылдады

Саясат 10.12.2021, 13:00 1,900
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасарын қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Қазақстан Президенті Бинали Йылдырымды қабылдады


Қазақстан Президенті жуырда Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы болып сайланған Бинали Йылдырымды қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 


Бинали Йылдырым қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Президентті және Қазақстан халқын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады. Сонымен қатар екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту үшін Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты келесі жылы Анкараға ресми сапармен келуге шақырған сәлемін жеткізді.




Кездесуде қазақ-түрік стратегиялық әріптестігінің қазіргі жағдайы мен перспективалары, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынас мәселелері талқыланды.


Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары деңгейдегі саяси диалогтың арта түскенін, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.


Қазақстан Президенті биыл қараша айында Ыстанбұлда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының тарихи саммитінің қорытындысы бойынша қабылданған шешімдердің маңыздылығына мән беріп, Бинали Йылдырымды осы ұйымның Ақсақалдар кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалуымен құттықтады.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#қабылдау #партия #төраға орынбасары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ғарыштық ауқым: Канье Уэсттің Алматыдағы шоуы қалай өтіп жатыр

Бүгін 23:11

«Тәртіпке, тазалыққа шақырамыз»: концертте еріктілер қалай жұмыс істеп жатыр

Бүгін 22:50

Мыңдаған шақырымды еңсерді: Канье Уэсттің жанкүйері Алматыға арнайы келді

Бүгін 22:05

Канье Уэсттің Алматыдағы концерті дәл белгіленген уақытта басталды

Бүгін 22:01

«Бұл – баламның арманы еді»: анасы Канье Уэсттің концертіне екі баласын ертіп келді

Бүгін 21:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);