Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" зауытының жұмысымен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" зауытының жұмысымен танысты Сурет: Akorda.kz.

Президент аталған саланы дамытудың перспективті бағыттарын айқындап берді.


Мемлекет басшысы «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауытына барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Қасым-Жомарт Тоқаев елордада брондалған дөңгелекті техника шығаратын және жаңартатын «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауытын аралап көрді.


Президентке отандық брондалған дөңгелекті машина шығару жұмыстары көрсетілді және қазақстандық қорғаныс-өнеркәсіп кәсіпорны өнімдерінің көрмесі таныстырылды.


Мемлекет басшысына компанияның жұмысы мен отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің жағдайы жөнінде мәлімет берілді.


Зауытты аралап шыққан Қасым-Жомарт Тоқаев аталған саланы дамытудың перспективті бағыттарын айқындап берді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы отандық өндірушілерді қолдау қажет екенін атап өтіп, шығаратын өнімдерді техникалық тұрғыдан заман талабына сай жаңартуға шақырды.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:10

17:58

17:46

17:17

17:07

16:41

16:24

16:17

16:01

15:41

15:18

15:02

14:49

14:35

14:22

14:10

12:28

12:16

12:04

11:48

11:25

11:09

10:57

10:45

10:29