Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қасым-Жомарт Тоқаев: Инфляцияға жол бермеу – атқар...

Қасым-Жомарт Тоқаев: Инфляцияға жол бермеу – атқарушы биліктің басты міндеттерінің бірі. Бірақ ол орындалмады

Әлеумет 05.01.2022, 05:38 1,205
Қасым-Жомарт Тоқаев: Инфляцияға жол бермеу – атқарушы биліктің басты міндеттерінің бірі. Бірақ ол орындалмады
almaty-akshamy.kz

Жағдайды тұрақтандыру үшін қандай қадамдар жасалады? Президент шешімін айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Өңір әкімдері аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға қарай шешім қабылдайды. Коммуналдық тарифтерді 180 күнге, яғни алты айға дейін көтеруге мораторий енгізіледі. Халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топтары үшін нарықтағы баспананы жалға алу құны субсидияланады. Денсаулық сақтау және балалар мәселесін шешу үшін «Қазақстан халқына» деп аталатын қоғамдық қор құрылады. Ол мемлекеттік және жеке көздер арқылы қаржыландырылады. Қасым-Жомарт Тоқаев жиын өткізіп, әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін осындай тапсырма берді.


Мемлекет басшысы әкім, шенді-шекпендіні Ақордаға жинады. Жедел түрде елдегі ахуалды тұрақтандыру керек. Таңда Үкімет отставкаға кетті. Асқар Маминнің міндетін атқару бірінші вице-премьер болған Әлихан Смайыловқа жүктелді. Ата заңға сәйкес Премьер-министр қызметтен босатылған соң бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтайды. Үкімет мүшелері жаңа құрам жасақталғанша, өз міндеттерін атқара береді. Ендігі жерде қандай шаралар қабылданады? Неге басымдық беру керек?



– Инфляцияға жол бермеу – атқарушы биліктің басты міндеттерінің бірі. Бірақ ол орындалмады. Бұл ел Үкіметінің келесі құрамының және министрлер кабинетінің жаңа басшысының ең басты міндеті болады - деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.



Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтік комиссияға, құқық қорғау органдарына және Маңғыстау облысының әкіміне жағдайды тұрақтандыру жұмыстары үшін алғыс білдірді. Ал сұйытылған газ бағасының өсуіне Үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі мен «Қазмұнайгаз» және «Қазақгаз» кәсіпорындары кінәлі деді. Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында жарияланған төтенше жағдайдан кейін ахуал біртіндеп түзелмек. Жалпы түптің түбінде осындай проблема туындайтынын Мемлекет басшысы білді. Білді де, былтыр маусымда Маңғыстау облысындағы «Қазақ газ өңдеу зауыты» базасында сұйытылған газ өндіретін жаңа зауыт салуға пәрмен берді. Алайда тапсырма дер кезінде орындалмады.



– Қазіргі уақытта жобаның тек техникалық-экономикалық негіздемесі ғана дайындалған. Оны қаржыландыру мәселесі шешілмеген. Екіншіден, сұйытылған газды тарату және саудаға шығарудың қазіргі тәртібі пысықталмаған. Электронды сауда барысында бағаның өсуін шектеу тетіктері қарастырылмаған. Нәтижесінде Энергетика министрлігі электрондық сауда бойынша жедел әрекет етіп, оны ауыздықтай алмаған - деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.



Елде газ саласын реформалауға қатысты жүйелі әдіс жоқ. Сондықтан салада өзгерістер болады деген Президент алдағы уақытта ішкі нарықты тауарлық газбен толыққанды қамтамасыз етуді бұйырды. 



– Ешкім өзін үнемі шығынға ұшырата бермейтінін түсіну маңызды. Еліміз газ және газ өңдеу салаларында инвестициясыз, тіпті газсыз қалуы да мүмкін. Сондықтан жүйелі, бірақ ойластырылған және кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын реформалардан басқа жол жоқ. Алдағы уақытта газ саласын сапалы түрде қайта қарап, ішкі нарықты тауарлық газбен толыққанды қамтамасыз ету керек - деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.



Енді не болады? Жағдайды тұрақтандыру үшін қандай қадамдар жасалады? Президент шешімін айтты. 



– Біріншіден, мен Маңғыстау бойынша Үкіметтік комиссияның ұсынған шаралар кешенін мақұлдаймын.


Екіншіден, монополияға қарсы органға Кәсіпкерлік кодекстің 119-бабына сәйкес сұйытылған газдың бағаларын 180 күнге уақытша бағалық реттеуді енгізуді тапсырамын. Облыстарда халық үшін шекті бағалар өткен жылдың соңындағы баға деңгейінен аспауға тиіс.


Үшіншіден, Үкіметке сұйытылған газды электрондық сауда алаңдары мен биржалар арқылы өткізуге толық көшуді бір жылға шегеруді тапсырамын. Осы кезеңде нормативтік-құқықтық базаны мұқият әзірлеп, сауда алаңдары жұмысының ашық болуын қамтамасыз ету, бағаның күрт өсуін шектеу тетіктерін енгізу қажет.


Төртіншіден, Бас прокуратураға бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірлесіп, бағалық сөз байласу мен өзге де бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерге қатысты тергеу жүргізуді тапсырамын. Тергеуді жедел жүргізіңіз. Жиырма күн ішінде есеп беріңіз - деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.



Газбен қоса бензин, дизель, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының да бағасы реттеледі. Өңір әкімдері аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға қарай шешім қабылдайды. Коммуналдық тарифтерді 180 күнге, яғни алты айға дейін көтеруге мораторий енгізіледі. Халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топтары үшін нарықтағы баспананы жалға алу құны субсидияланады. Денсаулық сақтау және балалар мәселесін шешу үшін «Қазақстан халқына» деп аталатын қоғамдық қор құрылады. «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» Заң әзірленеді.


Елдің саяси, әлеуметтік және экономикалық құрылымы өзгермейді. Унитарлық, заң үстемдік құрған мемлекет болып қала береміз. Нарықтық экономика қағидатынан айнымаймыз. Кеңес соңында Президент осылай деді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #президент #Тоқаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика