Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қасым-Жомарт Тоқаев: Ауғанстан халқын гуманитарлық...

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ауғанстан халқын гуманитарлық дағдарыс қатерімен жекелей қалдыруға болмайды

Әлеумет 27.01.2022, 14:31 1,208
Қасым-Жомарт Тоқаев: Ауғанстан халқын гуманитарлық дағдарыс қатерімен жекелей қалдыруға болмайды
inform.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан халқын гуманитарлық дағдарыс қатерімен жекелей қалдыруға болмайтынын айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Әлемде болып жатқан оқиғалар терроризм, экстремизм, трансұлттық қылмыс қазіргі заманның өзекті сын-қатері ретінде қалып отырғанын көрсетіп тұр. Бұл жағдайда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨІСШК) қызметі ерекше өзекті болады. Қазақстан форумның іс басындағы төрағасы болып отыр және АӨІСШК кеңістігінде қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайту үшін барша күш-жігерін салады. Форумның институционалды ары қарай дамуы, оның халықаралық ұйымға трансформациясы бұл жұмысқа жаңа серпін береді деп санаймыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Үндістан» саммитінде.



ҚР Президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің әлеуеті мен мәртебесін нығайтуда Үндістанның рөлі ауқымды екенін атап өтті.



«Осы жылы АӨІСШК-нің мерейтойлық саммиті өтеді. Осы орайда Моди мырзаны (Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди) Қазақстан астанасында көретінімізге үміттенеміз. Форум аясында талқылауға шығарылатын өзекті мәселелердің қатарында Ауғанстан проблематикасы да болады», - деді Мемлекет басшысы.



Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан мен оның халқын теңдессіз қиындықтарымен және гуманитарлық дағдарыс қатерімен жекелей қалдыруға болмайтынын қадап айтты.


Қазақстан өз тарапынан азық-түлік, қажетті тауарлармен және дәрі-дәрмек түріндегі көмекті бағыттай отырып, Ауғанстанмен өзара іс-қимылды жалғастырып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #президент #Тоқаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алатау-Ақпарат» пен «Қызылжар-Ақпарат» арасында меморандумға қол қойылды

Бүгін 18:16

Алматы мен Үндістан бизнес және инвестициялық байланысты күшейтпек

Бүгін 18:01

Алматыдағы Сәтбаев көшесі халықаралық стандарттарға сай жаңартылады

Бүгін 17:42

Алматылық спортшы Түркияда өткен халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Бүгін 17:32

Астанада Перизат Қайратқа тиесілі болған көлік аукционға қойылды

Бүгін 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика