Қадір түні күн батқаннан сәресіге дейін жалғасады.
ҚМДБ мәліметіне сай, биыл қасиетті Қадір түні 5 сәуірден 6 сәуірге қараған түнге түсіп тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
Қасиетті түнде қандай ізгі амалдар жасаған дұрыс?
Қадір түні кірместен бұрын дәрет алып, таза ниетте қарсы алған дұрыс. Бұл түні жасалуы тиіс істердің қатарында намаз оқу, құран оқу, өткен күнәларды енді жасамасқа тәубе етіп, кешірім тілеу, жалбарынып дұға тілеу, садақа жасау керектігін айта аламыз.
Абзал амалдар:
Құлшылық жасап, намаз оқу;
Құран оқып, мағынасын түсіну;
Діни білім алып, уағыз тыңдау;
Тәпсі тартып, зікір ету;
Діни кітаптарды оқу;
Көп дұға қылу;
Мүмкіндігінше мешітке келу;
Садақа жасау;
Құран қызметінде болатын амал жасау.
Қадір түні оқылатын дұғалар:
- Ықлас сүресін 100 рет оқу керек.
Бисмилләһир рахмәнир рахим. Қуль һу уаллаһу аһаді. Аллаһус самаді. Ләм иәлиді, уә ләм иуләді. Уә ләм иәкуль ләһу куфууән ахаді.
Ықлас сүресінің қазақша мағынасы: "Алла біреу ақ. Алла мұңсыз. (әр Нәрсе Оған Мұқтаж). Ол тумады да туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес".
- Қадыр сүресі – 100 рет.
Бисмилләһир рахманир рахим. Иннә әңзәлнәһу фи ләйләтил қадыр. Уә мә әдракә мә ләйләтул қадыр. Ләйләтул қадри хайрум минәл фи шәһр. Тәнәззәлул мәләикәту уәр руху фи һә биизни раббиһим мин кулли әмр. Сәләмун һиә хатта мәт ләғил фәжр.
Қадір сүренің қазақша мағынасы былай болып келеді: "1. Біз Оны (Құранды) қадір түні түсірдік. 2. Қадір түнінің не екенін білесің бе? (Аллаһ Тағала білдірмесе) қайдан білесің? 3. Қадір түні мың айдан да артық. 4. Ол түні Аллаһтың рұқсатымен кез-келген іс үшін Рух пен періштелер түседі. 5. (әсіресе ол түнді ғибадатпен өткізгендер үшін) таң атқанға дейін Аллаһтың рақымы мен есендігі жауады".
- Лә иләһә иллаллаһ, Мухаммәдур расулуллаһ – 100 рет.
Қазақша мағынасы: Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі.
4.Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ, уә әшһәду әннә Мухаммәдән ғабдуһу уә расулуһ – 100 рет.
Қазақшасы: Алладан басқа ешбір тәңір жоқ және Мухаммед Оның Елшісі және құлы екендігіне куәлік беремін.
5.Астәғфируллуһ – 500 рет.
- Лә иләһә иллаллаһ уахдәһу лә шарикәләһ, ләһул мулку уә ләһул хамду, уә һуә ғалә кулли шәйин қадиир – 100 рет.
Дұғалар топтамасы:
Алладан жан байлығын әрі материалдық байлықты сұрайтын дұға
Я, Алла, расында, мен Сенен Сенің басшылығыңды, тақуалықты, (күнәдан жаман қылықтардан) пәктікті және байлықты сұраймын.
"Аллаһумма, инни асәалюкаль-Һуда, уа туқа, уаль-ъафафа уальғина"
Алладан амандық сұрайтын дұға
Я, Алла! Сенен мен (осы) дүние және ақыретте жарылқау мен есен-амандықты тілеймін. Уа, Алла! Сенен мен дінімде, тұрмыс-тіршілігімде, отбасым мен мал-мүлкімде жарылқау мен есен-амандық тілеймін. Уа, Алла! Менің әбүйірімді Өзің бүркеп қойғайсың, мені қорықыныштан аман еткейсің. Уа, Алла! Мені алды-артымнан, оң жақ-сол жағымнан және төбемнен де Өзің сақтағайсың! Сондай-ақ кенеттен қиянатқа ұшырап, өліп кетуден Өз ұлылығыңнан пана сұраймын!
"Аллаһумма инни әс-әлукәл-ьафуа уәл-ьафиәтә фид-дунйа уәл-әхираһ. Аллаһумма инни әс-әлукәл-ъафуа уәл-ъафиәтә: фи диниуә дунйа-йа уә әһли, уә мәли. Аллаһуммас-тур ъаурати уә әмин рауъати Аллаһуммах-фазни мин бәйни йәдәййа уә мин халфи, уә ъан йәмини уә ъан шимәли, уә мин фәуқи, уә әъузубиъазамәтикә ән уғтәлә мин тәхти".
Салиқалы әйел сұрау
Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді тақуалардың алды ете гөр!
"Роб-бә-нәә һәб-лә-нәә мин әз-уәә-джи-нәә уә зур-ри-иәә-ти-нәә қур-ро-тә әъ-иу-ниу уәдж-хәл-нәә лил-мут-тә-қии-нәә-и-мәә-мәә"
Қырсық әйелдің, жаман достың кесірінен Аллаға сыйыну
Я, Алла, ақиқатында, мен Сенен жаман көршіден, оның (кесірінен) шашым уақытысынан бұрын ағарып кететін әйелден, үстімнен би болатын баладан, мен үшін азапқа айналатын дүниеден, көзі мені көретін, ал жүрегі аңдып отыратын, әрі егер ол менен бір жақсы нәрсе көрсе, жасыратын, ал егер менен жаман нәрсе байқаса, жарияға жар салатын достан пана сұраймын.
"Аллаһумма инни а‘узубика мин жәри ссу-и, уа мин зәужин тушайибуни къаблә-л-мәшиб, уа мин уаләдин якуну ‘аләйа раббан, уа мин мәлин якуну ‘аляйа ‘азабан, уа мин халилин мәкирин ‘айнуху тарани уа қалбуһу яр‘ани ин ра-а хасанатан дафанаһа, уа изә ра-а сайиатан аза‘аһа".
Адам Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) тәубе жасағанда айтқан дұғасы:
Раббымыз! Біз өзімізге әділетсіздік істедік. Енді бізді кешіріп, рақым етпесең, сөзсіз зиянға ұшырағандардан боламыз ("Аъраф" сүресі, 23-аят).
"Роббәнә заләмнә әнфусәнә уәил ләм тәғфир ләнә уәтәрхәмнә ләнәкуунәннә минәл хасириин"
Алладан кешірім өтінгенде, ең жақсысы былай деп дұға айту:
Я, Алла! Сен менің Раббымсың, Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Сен мені жараттың, ал мен Сенің құлыңмын. Meн күш-құдіретім жеткенше Саған деген уәдемді, әрі сертімді сақтаймын. Әрі жасаған істерімнің жамандығынан Өзіңе сиынамын. Маған берген нығметтеріңді мойындаймын, әрі күналарымды да мойындаймын. Мені жарылқай гөр! Шын мәнінде, Сенен өзге күнәларды жарылқаушы ешкім жоқ!
"Аллаһуммә, Әнтә Рабби, лә иләһа иллә Әнтә, халәқтәни уә әнә ‘абдукә, уә әнә ‘алә ‘аһдикә уә уә’дикә мә-стәтағту, ә’узу бикә мин шәрри мә санә’ту әбу-у ләкә би-ни’мәтикә ‘әләййа уә әбу-у би-занби, фәғфир ли, фә иннәһу лә яғфиру-з-зунубә иллә Әнта!"
Кешірім сұрау дұғасы
Я, Алла! Шын мәнінде, мен өзіме аса көп зұлымдық жасадым. Күнәларды кешіретін Өзіңнен басқа ешкім жоқ. Өз жарылқауыңмен мені кешір де, маған рақым ет. Расында, Сен аса Жарылқаушы, ерекше Рахымдысың!
"Аллаһуммә, инни заләмту нәфси зулмән кәсиран уә лә яғфиру-з-зунубә иллә Әнтә. Фағфир ли мәғфиратән мин ‘индикә уәрхамни, иннәкә Әнтә-л-Ғафуру-р-Рахим!"
Қадір түнінде оқылатын дұға
Айша анамыздың (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "Уа, Алла Елшісі, егер мен Қадір түнінің басталғаны туралы білсем, не айтуым керек?" ‒ деп сұрағаны риуаят етіледі. Бұған Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "Я, Алла, расында, Сен – Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр! /Аллаһуммә иннәкә Ъафуун, тухиббуль-ъафуа фаъфу-ъанни/" ‒ деп айт", ‒ деп жауап берген (әт-Тирмизи, Ибн Мәжаһ, әл-Хаким).
Қабір азабынан, жаман халде қартаюдан сыйыну
Я, Алла! Ақиқатында, мен Саған сараңдықтан сыйынамын, әрі Саған қорқақтықтан сыйынамын, және Саған қаусаған қарт болып қалудан сыйынамын, сондай-ақ Саған дүние бүлігінен және қабір азабынан сыйынамын.
"Аллаһуммә, инни ә’узу бикә мин әл-бухли, уә ә’узу бикә мин әл-жубни, уә ә’узу бикә мин ән ураддә илә әрзәлил-’умури, уә ә’узу бикә мин фитнати-д-дунйа уә ‘азәбил-қабр".
Алладан көркем құлшылық жасауда көмек сұрау
Я, Алла! Өзіңді зікір етуге, Өзіңе шүкір етуге әрі Өзіңе көркем түрде құлшылық етуге маған жәрдем бер.
"Аллаһуммә, ә’инни ‘алә зикрикә, уә шукрикә, уә хусни ‘ибәдәтик".
Алладан Жәннатты сұрап, Тозақтан сыйынатын дұға
Я, Аллa! Расында, мен Сенен Жәннатты сұраймын, әрі Оттан Өзіңе сиынамын!
"Аллаһуммә инни әс-әлукәл жәннәтә уә ә’узу бикә мин ән-нәр!"
Қарызға, уайымға батқан кісінің дұғасы
"Я, Алла! Расында, мен Саған уайым-қайғыдан, әлсіздік пен жалқаулықтан, сараңдық пен қорқақтықтан, қарыздың ауыртпалығынан әрі адамдардың жәбірлеуінен сиынамын" (Бұл жерде адамдар жиі жағдайда не жәбірлеуші, не жәбірленуші болатыны меңзеліп тұр. Аударманың келесідей басқа нұсқасы да болуы мүмкiн: "...әрі адамдардың арасында қор болған күйге түсуімнен...").
"Аллаһуммә инни ә’узу бикә мин әл-һәмми уәл-хазәни, уәл-’ажзи уәл-кәсәли, уәл-бухли уәл-жубни, уә далә’ид-дәйни уә ғаләбәтир-рижәл".
Ісіңе береке сұрау
Я, Алла! Сенің рахымыңа үміт етемін. Мені бір мезетке болса да өз нәпсіме тастама, әрі менің барлық жұмыстарымды оңда, Сенен басқа құлшылыққа лайықты Құдай жоқ!
"Аллаһуммә, рахмәтәкә әржу, фә лә тәкилни илә нәфси тарфәтә ‘айнин, уә аслих ли шә’ни кулләһу, лә иләһа иллә Әнта!"
Пайдалы білім сұрау
Я, Алла! Расында, мен Сенен пайдалы білім, адал ризық-несібе әрі (өз құзырында) қабыл болатын амал сұраймын!
"Аллаһуммә, инни әс-әлукә ‘илмән нәфи’ан, уә ризқан тай-ибән, уә ‘амәлән мутәқаббәлән!"
Қайтыс болған адамдар үшін
Раббымыз! Бізді әрі бізден бұрын иман келтірген бауырларымызды жарылқай көр! Әрі сондай иман келтіргендер үшін жүрегімізде бір жек көрушілік қылма" дейді ("Хашыр" сүресі, 10-аят).
"Раббәнә ғфир ләнә уәлиихуәнинәл ләз̃иинә сәбәқуунә билиимәни уәлә тәжъал фии қулуубинә ғилләл лилләз̃иинә әмәнуу раббәнә иннәкә рәууфур рахиим"
Салиқалы ұрпақ сұрау
Раббым! Мені және ұрпағымды намазды (барлық шарттарын сақтап, беріле) толық орындаушы ет. Раббымыз! Тілегімді қабыл ал!
"Роб-бидж-ъал-нии му-қиимәс со-лә-тии уәмиңң зур-ри-иәтии раббәнә уә-тәқаббәл ду-ъәә-и"
Екі дүние игілігін сұрау
Я, Раббымыз! Бізге бұл дүниеде де жақсылық бер, ақыретте де жақсылық бер және бізді тозақ азабынан сақта!
"Раббәнәә әәтинә фид-дүния хасанатән, уа фил-аахирати хасанатән, уа қинәә ‘азәбән-нәр"
Шипа сұрау
Маған бір пәлекет келді. Ал Сен Мейірім етушілердің ең Мейірімдісісің
"Әнн-нии мәс-сә-ни-иәд-дур-ру уә әңң-тә әр-хә-мур-роо-хи-миин"
Ата-ана үшін жасалатын дұға
Раббым, Мені кішкентайымнан бағып, тәрбиелеп өсіргеніңдей оларға мейірім ет!
"Роб-бир-хәм-һу-мәә-кә-мәә роб-бә-иәә-нии со-ғии-роо"
Жоқшылықтан, ауру-сырқаудан сыйыну
Я, Алла! Тәніме саулық бер! Уа, Алла! Естуіме саулық бер! Уа, Алла! Жанарыма саулық бер! Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Уа, Алла! Мен күпірлік пен жоқшылықтан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сондай-ақ қабір азабынан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сенен басқа ешбір Құдай жоқ.
"Аллаһумма ъафини фи бәдәни, Аллаһум- мә ъафини фи сәмъи, Аллаһумма ъафини фи бәсари, лә иләһә иллә әнт. Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-куфри уәл-фәқри, уә әъузу бикә мин ъазәбил-қабри, лә иләһә иллә әнт".
Жақсы мінез сұрау
Я, Аллаһ! Мені өмірдің қиындығынан сақтай гөр. Мені ең жақсы істер мен жақсы мінезге жетелей гөр. Өйткені оның ең жақсысына Сенен басқа ешкім жетелей алмайды. Және оның жаманын менен айықтырғайсың. Өйткені оның жаманынан мені Сенен басқа ешкім де айықтыра алмайды.
"Аллаһумма инни әъузу бикә мин ән ураддә илә әрзәлил-ъумр. Аллаһуммаһ-дини әхсәнәл-әъмәли, уәл-әхләқи лә йәһди ли-әхсәниһә иллә әнтә уәсриф ъанни сәий-әһә лә йәсрифу ъаннисәий-әһә иллә әнт".
Кедейліктен, жаман мінезден сыйыну
Я, Алла! Менің дінімді дұрыс, үйімді кең, ризығымды берекелі қылғайсың. Уа, Алла! Қатыгездіктен, бейқамдықтан, қорлықтан және кедейліктен Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Уа, Алла! Кәпірліктен, пасықтықтан, мақтаншақ- тықтан, сұмғадан және риядан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Уа, Алла! Керең, сақау, алапес болуымнан және жаман аурулардан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын.
"Аллаһумма әслих ли дини уә уәссиъ ли дәри, уә бәрик ли фи ризқи. Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-қасуати уәл-ғафләти уәз-зулләти уәл-мәскәнәти, уә әъузу бикә минәл-куфри, уәл-фусуқи уәш шиқақи уәс-сумъати уәр-рия-и уә әъузу бикә минәс-сумми уәл-букми уәл-жузәми уә сәи-йил-әсқам".
Ризық сұрау
Я, Алла! Көбейте гөр, кемітпе, сыйлы қыл да, бейшара қылма, бере гөр де, тыя көрме, бізді таңда да, құр қалдырма. Уа, Алла! Барлық істерімнің соңын жақсарт. Дүние қорлығынан және ақырет азабынан құтқар.
"Аллаһумма зиднә уә лә тәнқуснә, уә әкримнә уә лә туһиннә, уә аътыйнә уә лә тәхримнә, уә әсирнә уә лә ту-әссир ъаләйнә. Аллаһумма әхсин ъақибәтәнә фил-умури куллиһә, уә әжирнә мин хизид-дуния уә ъазәбил-әхира".
Жақсылық сұрау
Я, Алла! Жақсылықтың бастауы мен соңын, әуелгісі мен ақырғысын, әшкересі мен жасырынын, Жәннаттағы биік дәрежелерді сұраймын. Менің зікірімді жоғарылатып, ауыртпалығымды таста, жүрегімді тазалап, әурет жерімді сақта және күнәларымды кешір.
"Аллаһумма инни әс-әлукә фәуәтихәл-хайри уә хауәтимәһу уә жауәмиъәһу, уә әууәләһу уә әхираһу уә заһираһу уә бәтыйнәһу, уәддәражәтил-ъулә минәл-жәннәһ. Аллаһумма инни әс-әлукә ән тарфәъә зикри, уә тәдаъа уизри, уә тутаһһира қалби, уә тухассинә фаржи, уә тәғфира ли зәнби".
Қиыншылықтан, бақытсыздықтан сыйыну
Я, Алла! Сынақ қиыншылықтарынан, бақытсыздықтардың жалғасуынан, тағдырдың жамандығынан, дұшпандардың басынуынан Саған сыйынып, пана тілеймін. Уа, жүректерді құбылтушы Алла! Жүрегімді Өз дініңе орнықтыр. Уа, жүректерді бағыттаушы Алла! Жүректерді Өз тағатыңа бағыттағайсың.
"Аллаһумма инни әъузу бикә мин жәһдил-бәлә-и, уә дәркиш-шиқа-и, уә су-ил-қада-и, уә шәмәтәтил-әъдә. Аллаһумма муқаллибәл-қулуби сәббит қалби ъалә диник. Аллаһумма мусаррифәл-қулуби сарриф қалби ъалә таъатик".
Алладан Өзін жақсы көретін жүрек, иман сұрау
Я, Алла! Өзіңді жақсы көруді және Сені жақсы көретінді жақсы көруді және Сенің жақсы көруіңе жақындататын әрбір амалды жақсы көруді маған нәсіп ет. Уа, Алла! Сенен мәселенің қайырлысын, жақсы дұға, жақсы нәтиже және жақсы сауап сұраймын. Мені бекем ет және таразымды ауырлат, иманымды нығайт, дәрежемді көтер, намазымды және ғибадаттарымды қабыл ет, қатемді кешір және маған жоғары дәрежелі Жәннатты нәсіп ет!
"Аллаһумма инни әс-әлукә хуббәкә уә хуббә мән йухиббукә, уә хуббә куллә ъамә лин йуқаррибуни илә хуббик. Аллаһумма инни әс- әлукә хайрал-мәс-әләти, уә хайрад-дуъа-и уә хайран-нәжәхи, уә хайрас-сәуәби, уә сәббитни уә сәққил мауазини, уә хаққиқ имәни, уәрфаъ дәражәти, уә тәқаббәл саләти уә ъибәдәти, уәғфир хати-әти уә әс-әлукәд-дәражәтил-ъулә минәл-жәннәһ".
Береке сұрау
Я, Алла! Менің естуімді, көруімді, мінезімді, сырт келбетімді, отбасымды, өмірімді және амалымды берекелі етуіңді сұраймын, ізгі амалдарымды қабыл еткейсің. Сенен Жәннаттағы биік дәрежені сұраймын.
"Аллаһумма инни әс-әлукә ән тубәрикә фи сәмъи, уә фи бәсари, уә фи халқи, уә фи хулуқи, уә фи әһли, уә фи махйа-я, уә фи ъамәли, уә тәқаббәл хәсәнәти, уә әс-әлукәд- даражәтил-ъулә минәл-жәннәһ".
Алланың разылығын сұрау
Я, Алла! Шынайы иман, иманды көркем мінез, артынан бақыт ілескен табыс, Сенен келетін мейірім және жарылқау, кешірім және разылығыңды сұраймын.
"Аллаһумма инни әс-әлукә сиххатән фи имәни, уә имәнән фи хусни хулуқин, уә нәжәхән йәтбәъуһу фәләхун, рахмәтән минкә уә ъафиәтән минкә, уә мәғфиратән уә ридуәнә".
Алладан көмек сұрау
Я, Алла! Істерімнің қорғаушысы болған дінімді, өмір сүретін дүниемді, қайтып оралатын ақыретімді түзегейсің. Өмірімді ізгі амалдарды көбейту, ал өлімімді барлық жамандықтан демалу қылғайсың. Уа, Раббым! Маған көмектесе гөр және маған қарсы көмектеспегейсің. Мені жеңіске жеткіз және біреуге жығып берме. Мені тура жолға сал және тура жолды маған жеңіл қылғайсың.
"Аллаһумма әслих ли динил-ләзи һууә ъисмәту әмри, уә әслих ли дуния-ялләти фиһә мәъәши, уә әслих ли әхиратил-ләти иләйһә мәъади, уәжъалил-хәятә зиядатән ли фи кулли хайрин, уәжъалил-мәутә рахатән ли мин кулли шәрр. Уә Рабби әъинни уә лә туъин ъаләйя уәнсурни уә лә тәнсур ъаләйя, уәһдини уә йәссирил-һудә ли".
Жамандықтан пана сұрау
Я, Алла! Мен Сенен мінез-құлықтың, амалдардың, нәпсі-қалауларының және дерттердің жаманынан пана сұраймын. Уа, Алла!Мен Сенен қарызға батудан, адамдардың өктемдігі және дұшпандардың табалауынан пана сұраймын.
"Аллаһумма инни әъузу бикә мин мункәратил-әхләқи уәл-аъмәли уәл-әһуә-иуәл-әдуә. Уә әъузу бикә мин ғаләбәтид-дәйни уә қаһрир-рижәли, уә шәмәтәтил-әъдә".
Халық арасында осы қасиетті түнде түнімен ұйықтамай жүрсең болғаны деген қате түсінік қалыптасқан. Осы бойынша ҚМДБ: "Қадір түнінің мақсаты - тек ұйықтамай, ояу жүру емес. Дұрысы дұға-тілек жасап, ренжіткен адамдарды кешіріп, намаз оқып, садақа беру, ізгілікке ұмтылу." деген мәлімдеме айтты.
Қадір түні не істеуге болмайды?
Адамдардың сыртынан ғайбаттап өсек айтуға, ішімдік ішуге, жанжалдасуға, дауласуға болмайды. Сонымен қатар достармен көңіл көтеріп, ән айтуға, билеуге, сауық кештерін ұйымдастыруға тыйым салынады. Теледидардан ойын-сауық бағдарламалары мен фильмдерді де көруге болмайды.